Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1199 2 пікір 6 Маусым, 2023 сағат 10:23

Астана форумына сарапшылардың дайындығы қандай?

8-9 маусым аралығында елордада «Астана халықаралық форумы» өтеді. Маңызды жаһандық мәселелерді шешуге және еларалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 1000-нан астам үздік сарапшылар бас қосады.

Олардың арасында мәдени және креативті индустрияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар да бар деп хабарлайды, «Хабар-24».

Солардың бірі – Британиялық маман Дэвид Перриш. Ол – оқыту семинарлары мен мазмұнды еңбектері арқылы көпке танылған бизнес кеңесші. Әлемнің 60-тан астам елінде жұмыс істеген. Алқалы жиында Перриш табысқа жету үшін шығармашылық пен бизнесті ұштастырудың ұтымды жолдарын айтып, құпиясын бөліспек.

«Форум көшбасшылар мен сарапшылардың басын қосады. Кейбір көкейтесті әлемдік проблемаларды шешудің практикалық жолдарын ұсынады. Жиында мен жаһандық креативті экономикада шығармашылықтың маңыздылығы және жаңадан пайда болып жатқан трендтер мен сын-тегеуріндер туралы сөз қозғаймын. Одан бөлек, үкімет мен мемлекеттік ұйымдар шығармашылық кәсіпкерлерді қалай қолдай алатынын және халықаралық байланыстарды қалай кеңейтуге болатынын айтамын»,-деді сарапшы.

Abai.kz 

2 пікір