Жұма, 29 Наурыз 2024
1675 1 пікір 5 Маусым, 2023 сағат 14:14

Қазақстан орыс газын өзбекке жеткізеді

Қазақстан инфрақұрылымы Ресейден Өзбекстанға газ жеткізуге 2024 жылдың күзінде дайын болады. Осылай деп Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.  

Оның сөзінше, Қазақстан арқылы өтетін газ көлемі және бағасы бойынша Өзбекстан мен "Газпром" арасында келіссөздер жүріп жатыр.

"Келіссөздер аяқталғаннан кейін инфрақұрылымымызды береміз. Ол келесі жылдың күзіне қарай дайын болады", - деді министр.

Осыған дейін Сатқалиев Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға орыс газын жеткізу бойынша келіссөздер "конструктивті деңгейде жүріп жатқанын" айтқан.

Өзбекстанның энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов орыс газын жеткізудің коммерциялық шарттары техникалық мәселелер шешілгеннен кейін талқыланатынын айтты. Ол газды "Орталық Азия – Орталық" магистралдық газ құру арқылы алып келуді жоспарлап жатқанын жеткізген.

30 мамырда Журабек Мирзамахмудов бұл мәселе бойынша келіссөз жүргізу үшін Санкт-Петербург қаласында "Газпромның" төрағасы Алексей Миллермен кездескенін хабарлаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616