Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
1725 0 пікір 2 Маусым, 2023 сағат 15:06

Биыл тұрмыстық жанжалдан 68 адам қаза болды

Кейінгі 5 жыл ішінде тұрмыс саласындағы өтініштер саны 3 есеге артты. Мұны «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасы аясында Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты. 

«Бүгін БАҚ, әлеуметтік желілер тұрмыстық қылмыстар туралы басылымдарға толы. Бұл мәселе біртіндеп «көлеңкеден» шығады. 5 жыл ішінде тұрмыс саласындағы өтініштер саны 3 есеге артты. Алайда, олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Онсыз біз «үй тирандарын» жауапқа тарта алмаймыз. Жыл басынан бері отбасылық тұрмыста 68 адам өлтірілді», - деп тоқталды ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап тұрмыстық жанжал құрбаны арыз түсірмесе де, полицияның іс қозғауына мүмкіндік беретін заң нормасы күшіне енді.

 

Abai.kz

0 пікір