Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 1000 9 пікір 1 Маусым, 2023 сағат 15:17

«ҚР Жоғары оқу орындарындағы психологиялық қызметін дамыту» атты республикалық форум өтті

2023 жылдың 30 мамыры күні «Психологиялық қызмет» секторының ұйымдастыруымен «ҚР ЖОО психологиялық қызметін дамыту» атты республикалық форум өтті. Форумды университетіміздің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Нұрланұлы алғы сөзбен ашып берді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасының орынбасары – Ақерке Абылайхан онлайн-зум арқылы қатысып, психологиялық қызметтің ЖОО жұмысындағы маңызын анықтап берді.

Форумның басты мақсаты – еліміздегі жоғары оқу орындарындағы психологтарға студенттер арасында психологиялық жайлы орта қалыптастыруына ықпалдасу, психологиялық сектордың қызметін интеграциялау және мамандар арасында өзара тәжірибе алмасу. Форумға республикамыздың түкпір-түкпірінен 58 жоғары оқу орнынан 80-нен астам психологтар, профессор-оқытушылар және проректорлар қатысты.

Іс-шараның бірінші бөлімінде «Психологиялық қызметтерді дамыту және интеграциялау перспективалары» тақырыбанда PhD, қауымдастырылған профессор, психология ғылымдарының доценті – Маншүк Асқарқызының оқыту-тренингі өтті. Маншүк Асқарқызы өз тәжірибесімен және де психологтарға қажетті, студент жастарды зерттеуге арналған әдістерімен бөлісті. Тренинг соңында университетіміздің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланұлыны барлық қатысушыларға сертификат табыстады.

Іс-шараның екінші бөлімінде «Психологиялық қызмет» секторының психологы Саида Досқарақызы университеттік «Психологиялық қызмет» секторының жұмысын таныстырды. Ал, психолог Алия Тулегеновна «Студенттердің психологиялық портреті» тақырыбында жүргізілген зерттеу жұмысымен бөлісті.

Сондай-ақ, осы форумда психологтардың арнайы студенттер үшін басшылықтың қолдауымен, өздері құрастырған «Шабыттан» атты психологиялық дәптерінің тұсауы кесілді.

Форум барысында ашық микрофон аясында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, ортақ мәселелерді талқылап, профессор, психологтар өз ұсыныстарын айтты.

Іс-шараның соңында, әр өңірден келген қатысушыларды Алматы қаласының мәдени-тарихи орындарына саяхат болды.

«Психологиялық қызмет» секторы

Abai.kz

9 пікір