Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 1973 20 пікір 1 Маусым, 2023 сағат 12:29

ҚазҰАЗУ: Жекеге кеткен мүліктерді қайтару керек!

2023 жылғы 31 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің акт залында университеттің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы болып, оған ЖОО басшылығы, құрылым жетекшілері, факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Негізгі күн тәртібіне орай, ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректордың инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлтанғазиев Қуат  Елеусізұлы «Инфрақұрылымның даму мәселелері мен оларды шешу жолдары» туралы баяндама жасады.

Баяндаманы талқылау барысында ҚазҰАЗУ ғалымдары  университет балансынан шығып кеткен ірі көлемді активтерді қайтару мәселесін көтерді. Атап айтқанда:

- 1000 төсек-орындық 3 студенттік жатақхана;

- Жалпы ауданы 18828,5 шаршы метр 5 оқу-зертханалық ғимараттар;

- Жалпы ауданы 1,8 га 1 стадион, оқу спорт кешенімен;

- Жалпы ауданы 700 шаршы метр әкімшілік-шаруашылық ғимараттары мен өзге де жылжымайтын мүлік нысандары;

- Университет ғимараттарына іргелес – жалпы ауданы 5 гектарға жуық жер телімдері;

- Университеттің Алматы облысындағы Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан оқу-тәжірибелік шаруашылықтарындағы жер телімдері – 12 га.

Сондай-ақ, Ғылыми кеңесте ҚазҰАЗУ балансынан ертеректе жекеге қарап кеткен жылжымайтын мүліктер тізімі жарияланды:

1. Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 176 мекен-жайында орналасқан «Агрономия» факультетінің студенттік жатақханасы, тұрғын үйге айналдырылған және жеке тұлғалар жекешелендірген.

2. Абай даңғылы, 30 мекен-жайындағы «Зооинженерия» факультетінің жалпы аумағы 4047 ш.м. студенттік жатақханасы.

3. Абай даңғылы, 26а мекен-жайындағы «Зооинженерия» және «Ветеринария» факультеттерінің лабораториялық оқу ғимараттары, жалпы көлемі 10 431 ш.м.

4. Бостандық ауданы, Сатпаев көшесі, 7а мекен-жайындағы «Зооинженерия» факультетінің жалпы көлемі 1684,6 ш.м. жатақханасының бір бөлігі, 0,3076 га жер телімімен қоса.

5. Абай даңғылы, 8а мекен-жайындағы «Ауыл шаруашылығын электрофикациялау» факультетінің оқу ғимараты, жер телімімен қоса 14.12.2001 жылы №2032 сату-сатып алу келісім шарты бойынша «Халықаралық бизнес университетіне» (UIB) жекеменшікке берілген.

6. Абай даңғылы, 8-8 мекен-жайындағы «Ауыл шаруашылығын механизациялау» факультеті оқу ғимаратының бір бөлігі, жалпы аумағы 997,5 ш.м., (0,0388 га) жер телімімен қоса 06.06.2001 жылы «ҚР Үстел теннисі федерациясы» ҚБ-іне №1963 мемлекеттік меншікті сату-сатып алу келісім шарты бойынша жекеменшікке берілген.

7. Абай даңғылы, 28 мекен-жайындағы жалпы аумағы 1206,0 ш.м. стадион (спорт залымен) және 1,8051 га. жер телімімен қоса 2007 жылы «ИРИДА ИНВЕСТ» ЖШС-іне кейіннен иеліктен шығару мақсатымен сенімді басқаруға берілген.

8. Абай даңғылы, 8 мекен-жайындағы әкімшілік-шаруашылық ғимараттары және (0,3083 га) жер телімімен қоса 20.11.2006 жылы «ИРИДА ИНВЕСТ» ЖШС-іне жекеменшікке берілген.

Университеттің аумағында «Рамс Қазақстан» ЖШС көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салуды бастаған, алайда Алматы қ. Әкімінің шешімімен 2021 жылы құрылыс нысаны  тоқтатылды. Қазіргі уақытта нысан құрылысына шектеу қойылды.

9. Абай даңғылы, 28 мекен-жайындағы Оқу және әкімшілік ғимараттары, құрылысы бітпеген нысан мен (0,9051 га) жер телімі 20.11.2006 жылы «ИРИДА ИНВЕСТ» ЖШС-іне жекеменшікке берілген.

Abai.kz

20 пікір