Жұма, 29 Қыркүйек 2023
Аймақ 997 1 пікір 29 Мамыр, 2023 сағат 12:02

Абайдағы орман өрті: Бірлік сын сағатта танылады

Абай облысындағы Бородулиха ауданда орман өртінің орын алғанын сайтымыз жазған болатын.

Осы өрт орын алған сәтте көпұлтты аудандағы халықтар достығы құр сөз еместігіне көз жеткізе алдық. Еріктілер мен жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалық басшылары бір аптадай 24 сағат бойы өрт сөндірушілерді ыстық тамақпен және өрт сөндіруге қажет сумен қамтамасыз ете алды.

Өзге аймақтардан келген өрт сөндірушілерді сөзге тартқанымызда: «Біз Көкшедегі, Керекудегі басқа өңірлердегі өрт кезінде халықтың бұндай жұмылғанын көргеніміз жоқ», - дейді.

Иә, Бородулихадағы «Семей Орманына» қарайын Ауыл орман шаруашылығындағы өрт 22 мамырда басталып, 28 мамырда толықтай сөндірілді. Аудан әкімі А.Нұрғожин азаматтық танытып, жергілікті тұрғындарды от тажалды ауыздықтауға тарта білді. Аудандағы 1200-ге тарта түрлі салада істейтін қызметкерлер, жергілікті еріктілер мен әскерилер  өзге өңірден келген Астана, Қарағанды, Өскемен, Керекулік өрт сөндірушілер және 400 құрлық әскері үш ауысымда ерен ерлік көрсетіп, тілсіз жауды ауыздықтай алды.

Бұдан бөлек ШҚО мен Абай облыстағысындағы барша орман шаруашылығы мекемелеріде өрттің алдын алуға жеті күн бойы атсалысты. Қураған шөптің қоздауынан аяқ астынан шыққан өрт 3500 гектар орманды жалмады.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Бағлан Ташимов 2338
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм. Ұлы қолбасшылар...

Бейсенғазы Ұлықбек 2127
Ақмылтық

Билік мыңқ етпеді

Ғаббас Қабышұлы 2501