Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2023
Күбіртке 1694 5 пікір 29 Мамыр, 2023 сағат 11:18

Ескі Қазақстанның ережесіз ұрыстары жалғасуда...

Назарбаев жүйесін кезінде марқұм Алтынбек Сәрсенбаев «Үштаған» деп сипаттаған еді. Артынан сол «үштаған» жүйенің құрбаны болды. Назарбаевтың үлкен күйеу баласы Рахат Әлиев экс-қайынатасын «Красный отецке» ұқсатты.

Үш бұты (діңгегі) бар, оңайлықша құламайтын жүйеге екі марқұм екі тұрғыдан: Бірі – саяси, енді бірі – кирминалды сипатта айна қатесіз анықтама беріп кетті. Тәуелсіз елдің экономикалық, саяси тағдырын халықтан тыс шешіп келген «үштаған» жүйенің әр жылдары үш бұтының көтеретін салмағы ауысқаны болмаса, сыр берген жоқ. Оны саясаттанушылар «кланаралық қақтығыс», «элиталық бөлініс» деп сипай қамшылағанымен, шындығы осы.

Ескі Қазақстанның ережесіз ұрыстарының атаманы бір кезде марқұм Әлиев болды. Бизнес өкілдеріне қырғидай тиген ол «Нұр банк ісінен» кейін бұрынғы орынын жоғалтты. «Үштағанның» серкелері ойыннан шығарып тастады.

Қасіретті «Қаңтар оқиғасы» көрсеткендей, Әлиевтің орынын Қайрат Сатабалды басқанға ұқсайды. Істі болған оған және бұрынғы әйеліне мемлекеттің және жекенің мал-мүлкін заңсыз иелену айыптары тағылды. Қайрат Сатыбалды туралы сот барысында жария болған фактілерден бөлек жақыннан бері әлеуметтік желі де оның бұрынғы шенеунік Сауат Мыңбаевтың арбаға таңылуына қатысы бары жайындағы әңгімелер желдей есуде. «Үштағанның» ережесіз ұрыстарының ел экономикасының маңызды салаларына қатысты банк, темір жол, коммуникация саласында өрбитіні жасырын емес. Қарсы келген біреулер ажал құшса, біреулер сотталды, біреулер шетел асты. Қайрат Сатыбалды да Әлиев сияқты мызғымас «үштағанның» кезекті мат ойыншысы болғаны анық...

Елдегі бір талай саяси өзгерістерден кейін «Жаңа Қазақстан» құрылды. «Үштағанның» ережесіз ойындары аяқталды деуге әлі ерте сияқты. Оған дәлел ретінде елдегі ең үлкен уран кенішінің «Росатомның» меншігіне үнсіз өтіп кеткенін айтуға болады. Қазақтың мұнай мен газдан кейінгі сүбелі байлығы саналатын атом өндірісі саласында да ережесіз ұрыстар өте көп. Компанияны акяққа тұрғызған Мұхтар Жәкішов ұзақ жылға сотталса, Нұрлан Қаппаров Ресейден Қытайға ұшып барған сапарында қайтыс болды. Ресей компанияларының еліміздегі үлесінің артуын – «санкциядан қашу» деп түсіндірілгенімен, мызғымас «үштағанның» бір бұтының Ресейге ауып тұрғанын байқауға болады. Оған миллиардер күйеу баласы бар, ҰҚШҰ-ның жаңа хатшысы Тасмағанбетовтың ықпалы бар ма, ол жағы белгісіз.

Қазір әлемде күрделі геосаяси ойындар ойналып жатқаны белгілі. Ресей жеңілсе, жағдай өзгереді деп санайтындар бар. Путиннің сенімді серігі болған Пригожинның өзі: «1917-жылғы төңкерістер қайталануы мүмкін», - деп отыр. Қазақстандағы соңғы экономикалық жүрістер, Орта Азиядағы геосаяси қадамдар дауыл алдындағы жанталасты еске салады.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Бағлан Ташимов 1871
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм. Ұлы қолбасшылар...

Бейсенғазы Ұлықбек 1995
Ақмылтық

Билік мыңқ етпеді

Ғаббас Қабышұлы 2333