Сенбі, 15 Маусым 2024
1647 1 пікір 25 Мамыр, 2023 сағат 13:39

Апелляциялық сот тәртібі өзгереді

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап апелляцияда істі қараудың жаңа тәртібі іске қосылады. Бұл туралы Мемлекеттік айыптаушылар форумында Бас прокурор Берік Асылов айтты. 

«Ең алдымен кадр тапшылығы бар. Республика бойынша негізгі жүктеме аудандық буындағы прокурорларға түседі. Сот процестерінің 90 пайызы олардың қатысумен өтеді. Кейбір өңірде 2-3 судьяға бір мемлекеттік айыптаушыдан келеді. Бұған қоска, алқабилер соты қарайтын істер тізілімі кеңейіп келеді. 1 шілдеден бастап апелляцияда істі қараудың жаңа тәртібі іске қосылады. Мемлекеттік айыптаушыға жүктеме арта түсетін болады», - деді Берік Асылов.

Бас прокурордың пайымынша, бұл проблеманы процессуалдық прокурорлар штатын арттыру шеше алар еді.

«Біз бұл институтты қалыптастырдық. Олар шулы әрі резонансты істерге қатысу арқылы өздерінің тиімділігін көрсетті», - деді ол.

 

Abai.kz

1 пікір