Жұма, 29 Наурыз 2024
1391 1 пікір 24 Мамыр, 2023 сағат 12:55

Орман өрті: 300-ге жуық адам эвакуацияланды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысында орман өртіне байланысты 277 адамның эвакуацияланғанын мәлімдеді. Жалынмен күреске өзге өңірлерден мамандар мен техникалар жіберіле бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрттің жалпы аумағы 1500 гектарды құрайды. Орман алқабында құрғақ шөп жанып жатыр.

«Елдімекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды. Березовка шипажайы мен Березовка подхозында 15 адамнан тұратын қызметкерлер кезекшілік ұйымдастырды», - делінген хабарламада.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды. Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінен 133 адам мен 26 техника жіберілген. «Қазависпас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы (экипажы 4 адам) да атсалысуда. Бір тәулікте 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді.

«Өрт орнына вице-министр Марат Күлдіков келіп жетті. Командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ дағдарыс орталықтарында ТЖМ мен Абай облысының ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық», - делінген ТЖМ хабарламасында.

«Қазгидромет«деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3607