Бейсенбі, 30 Мамыр 2024
46 - сөз 4769 10 пікір 24 Мамыр, 2023 сағат 12:42

Аузымыз ұрылып жатыр...

Бізде 176 спорттық федерация бар. Барлығы ресми тіркелген. Барлығы мемлекеттік қолдауды алады. 19 миллион халқы бар Қазақстан үшін бұл тым үлкен көрсеткіш. Иә, тым үлкен. Сол аз халқымыздың өзі түгелдей спортпен шұғылданбайды ғой. Кішкентай бөлігі ғана. Бірақ, спорт түрі өте көп.

Неге? Өйткені, спорт саласында ағыл да тегіл ақша бар. Кім көрінген қолын сұғып, қалағанын ала береді. Ала бергенде, алуға тырысады. Сондықтан, қайдағы жоқ федерацияларды ашып тастап, сол арқылы қалталарын қампитып жатыр.

Санамалап көрдім. Сол 176 федерацияның 46-сы жазғы олимпиадалық, 13-і қысқы олимпиадалық бағыт. Ок. Оған ақша бөлуге болады. Одан кейін олимпиадалық еместің де түр-түрі бар. Оның ішінде шамамен 20-сы қолдау жасауға тұрарлық делік. Бұл – менің жеке пікірім. Қателесуім де мүмкін.

Ең масқарасы мынада. Қалған спорттық бағыттар біз үшін нахрен не нужен. Мысалы, пилондағы спорт дегенді естідіңіз бе? Атын әдемі қылып қойған. Ал, заты – кәдімгі стриптиз. Темірге орталып билеуді үйретеді. Қай-қай жағынан да менталитетімізге жат. Осыған мемлекеттен қолдау жасалады.

Индонезияның пенчак силаты, қытайдың ушуы, татардың белбеу күресі... Олар бізге керек пе? Басқа халықтардың ұлттық спортына неге біздің халықтың аузын жырып тұрып ақша бөлуіміз керек? Олардың тарихын, олардың дәстүрін, олардың философиясын, олардың ұстанымын неге біздің балалар үйренуі керек? Неге бойларына сіңіру керек?

Одан кейін спорттық балық аулау деген не? Тағы да аты күшті. Ал, негізі спорт емес, сауық қой. Кайф. Балық аулып отырасың. Соны ресми акредиттеп, мемлекет қолдау жасайды. Осылай-осылай кете береді. Осындайдың әлі қаншасы қазір тіркелуде және әлі қаншасы тіркеледі?! Ешкім білмейді.

Белгілісі – олар бәрін заңмен бекітіп, елдің мойнына плотно отырып алған. Оны өзгертуге жол бермейді. Артында үлкен адамдар тұр. Үлкен мүдделер тұр. Жан-жақтан жалмаңдап келіп, халықтың аузын ұрып жатыр. Егер осыны жақын арада нықтап қолға алып, тосқауыл қоймасақ, қаржыландыруды тыймасақ, тайраңдауын тоқтатпасақ, өз ұрпағымызды өз қолымызбен өлтіреміз. Ұлт ретінде жойылуымыз басқадан емес, дәл осы тырнақшаның ішіндегі спорттардан болады...

Асылан Қаженов

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2432
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2751
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 3224
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1830