Жұма, 29 Наурыз 2024
Анық-қанығы 2717 3 пікір 24 Мамыр, 2023 сағат 11:56

Украина елшісін бекітуге кім кедергі? СІМ не дейді?

Владимир Зеленский 2022 жылдың қазан айында Петр Врублевскийді даулы сұхбатынан кейін Қазақстандағы елшілік қызметінен босатуға мәжбүр болған.

Врублевский Қазақстанның блогері Диас Құзайырға берген сұхбатында ресейліктер туралы: «Оларды көбірек өлтіруіміз керек. Біз орыс басқыншыларын неғұрлым көбірек қырсақ, балаларымыз да соғұрлым азырақ өледі», – деген еді. Бұдан кейін Мәскеу беті сазарып, Қазақстаннан Украина елшісін елден шығаруды талап етті. Артынша Петр кешірім сұрады.

Міне, содан бастап ол орын бос тұр. Жақында Украина елшіміз Сергей Гайдай болады деп сұраныс жіберген екен. Бірақ Қазақстан билігі оны қабылдамады. Біздің ел Украинаның Қазақстандағы елшісінің орнында кәсіби дипломатты көргісі келетінін «мипаздап, бірақ нық» жеткізіпті.

Иә, Сергей Гайдай – кәсіби дипломат емес. Ол – Украинаның Луганск облыстық әскери басқармасының бұрынғы басшысы. Алайда оны елшілікке қабылдамаудың сыры басқада секілді: Қазақстан үкіметі бұл шешімді шығарарда Ресейдің қас-қабағына қарап отырғанға ұқсайды.

Ал ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров  осыған қатысты «Азаттық радиосы» қойған сауалға: «1961 жылы 18 сәуірде қабылданған дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы мен халықаралық тәжірибе бойынша, елшіні қабылдайтын тарап себебін түсіндірмей-ақ ұсынылған кандидатқа келіспей, одан бас тартуына болады. Бұл шешімді достыққа жатпайтын акт деп бағалауға болмайды. Қазақстан Украинамен көпқырлы достық қарым-қатынасын дамытуға ықыласты», – деп жауап берді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553