Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 1547 0 пікір 24 Мамыр, 2023 сағат 11:00

Италиядағы су тасқыны: Астана мен Рим не сөйлесті?

2023 жылдың мамыры.  Италияның Эмилия-Романья аймағында соңғы 100 жылдағы ең жойқын табиғат апат – су тасқыны орын алды.

Тасқын су Италияның Болонья, Чезена, Форли, Равенна және Риммини қалаларын басты. 16 адам қаза тауып, 50 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Айналасы екі аптаның ішінде аймақта жеті айлық мөлшерде жауын жауып, аймақтағы 23 өзен арнасынан тасыған. 43 ірілі-ұсақты қала тасқын судың астында қалған. Италияның Азаматтық қорғаныс департаменті Эмилия-Романья аймағында төтенше жағдай жариялаған.

Хронологиясы:

Бірнеше ай қуаңшылықтан кейін 2-3 мамырда нөсер жауын құйып, арты тасқынға ұласқан. Бірнеше өзен арнасынан тасып, Романьені су басқан. 2 адам қаза тапқан.

12 мамырда Болонья провинциясында нөсер жауынның арты су тасқынына ұласқан.

Бұл шетін оқиғаның алғашқы кезеңі болса, қызылсудың екінші легі 16 мамырда жалғасқан. Аймақта «Минерва» дауылы тұрған. Нөсер жауын екі күн толассыз жауып, 23 өзен арнасынан тасыған. 14 адам қаза тауып, 4 провинцияда 300-ге жуық сел жүру фактісі тіркелген. 50 мыңға жуық адам эвакуацияланған.

Дауыл 17 мамырдың екінші жартысында ғана тыншығанымен, тасқын су толастамаған. Сөйтіп, Италияның Азаматтық қорғаныс департаменті Эмилия-Романья аймағында төтенше жағдай жариялаған.

Италиядағы шетін оқиғаның зардаптарын жоюға, іздестіру-құтқару жұмыстарына елдің құзырлы органдарымен бірге 1,5 мыңға жуық ерікті мен Халықаралық Қызыл крест ұйымы еріктілері де көмек берген.

Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьері Джорджа Мелони ханыммен телефон арқылы сөйлесіп, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуі:

Осының алдында Италия Үкіметі басшысы Астанаға ресми сапармен келеді деп жоспарланған еді. Елдегі шетін оқиғаға байланысты, бұл сапар кейінге шегерілген.

«Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.

Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.

Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды.

Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұрады», - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Осыдан кейін екі ел басшылары телефон арқылы сөйлескен. Әңгімелесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Артынша, Италия премьері Джорджа Мелони ханым әлеуметтік желіде:

«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзамен телефон арқылы сөйлестік. Жылы сөйлестік. Бұл Астана мен Римнің мемлекетаралық қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екенін және оны әрі қарай дамытуға екі тарап та мүдделі екенін көрсетеді. Президент мырзаға Эмилия-Романья аймағындағы тасқыннан зардап шеккен Италия халқына көңіл айтқаны үшін лағысымды білдіремін», - деп жазды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580