Жұма, 19 Сәуір 2024
Саясат 13137 1 пікір 20 Мамыр, 2023 сағат 13:47

Кісен ашқан: АҚШ алғаш рет санкциясын тоқтатты

Америка құрама штаттары Ресей Украина жеріне басып кіргелі бері алғаш рет ресейдің кәсіпкеріне салған санкциясын тоқтатты. Санкция бейнетінен арылып, кәсібінің зейнетін көру үміті нәсіп болған, нарықтағы жолы ашылған кісі – IBS IT-компанияларының басшысы Анатолий Карачинский. Мұны компания сайты хабарлады.

АҚШ қаржы министрлігі санкция тізімінен Ресейдегі аса ірі IBS IT-компанияларының басшысы Анатолий Карачинскидің есім-cойын сызып тастады. Американың Анатолийге неге жаны аши қалғаны белгісіз.

Белгілісі, 2021 жылғы Forbes нұсқасы бойынша Карачинский Ресейдегі ең бай 200 кәсіпкердің қатарына кірген болатын.

Карачинский 2022 жылдың сәуір айында «Ашылу» банкінің бақылау кеңесі мүшесі ретінде санкциялар тізіміне енгізілді. Кәсіпкер бір айдай уақыт өткен соң, IBS директорлар кеңесінен шықты.

АҚШ Карачинскиймен бірге Совкомбанктің тәуелсіз директоры Джоэль мен Axioma яхтасы да тізімнен шығарылды. Ресейлік БАҚ өкілдері мұндай «күңгірт қадамдарды» кәсіпкер Дмитрий Пумпянскидің ықпалымен болуы мүмкін деп санайды.

Abai.kz

1 пікір