Сенбі, 23 Қыркүйек 2023
1033 1 пікір 19 Мамыр, 2023 сағат 16:30

457 млн теңге: Ақтөбеде мәслихат депутаты қамалды

Кеше Ақтөбеде аудандық мәслихаттың депутаты қамауға алынды. Ол жоқ малға заңсыз субсидия алған.

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облыстық департаменті ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ бұл азамат «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған.
Жалпы шығын көлемі – 457 миллион теңге. Қазір бұл азамат ұсталып, оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Бағлан Ташимов 1989
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм. Ұлы қолбасшылар...

Бейсенғазы Ұлықбек 2033
Ақмылтық

Билік мыңқ етпеді

Ғаббас Қабышұлы 2380