Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Бұ не мазақ? 3222 3 пікір 17 Мамыр, 2023 сағат 12:37

«Феминита» Яссауидің басында не жоғалтты?

«Феминита» қозғалысының негізін қалаушылар Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында бейнеқұттықтау түсірді. ЛГБТ туын ұстап тұрған олар:

«Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Биыл Алматыда, Түркістанда «Күлгін киіз үйді» сіздермен бірге сәтті өткізіп, бірге тойлап жатырмыз. Қасиетті жерге өз құқығымызды қорғау үшін келдік. Адам құқығы қорғалған барлық жер – киелі жер», – деді.

Ғаламторда кеңінен тараған аталмыш видеоны әркім әрқалай қабылдап жатыр. Көпшіліктің пікірі: «Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің фонында гомофобия, трансфобия және лесбофобиямен күрес күніне арналған бейнеқұттықтауды арнайы, мақсатты түрде жасап отыр. Бұлар енді қай әулиенің басына барып жалауын жалбыратар екен?», – дегенге саяды.

«Феминиташылдардың» «адам құқығы қорғалатын киелі жер» санап барған Түркістан облысы адам хақын аяққа таптаудан ешкімге есе жіберген емес. Мысалы, былтырдың өзінде отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты ІІМ-не Түркістан облысынан 6606 қоңырау түскен. Телефонға қолы жетпегендер мен көмек сұраудан қорыққандарды есепке алмай отырғанымызды ескерте кетейік.

Abai.kz

3 пікір