Жұма, 29 Наурыз 2024
Дей салдым-ау 2181 13 пікір 17 Мамыр, 2023 сағат 11:56

Арменияның ОДКБ-дағы «соңғы күндері»

Кемал Қылышдароғлы Түркия президенті болып сайланса, Армения Ұлттық мәжілісі ОДКБ-дан шығу бойынша Жол картасын қабылдамақ. Бұл туралы DALA INSIDE жазады.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен оның «Азаматтық келісім» партиясы Жол картасының жобасын алдын-ала дайындап қойған.

Мәскеу парадынан келгеннен кейін, Пашинян жақтастарына осы жұмысқа барынша көңіл бөлуді тапсырды.

Түркиядағы сайлаудың екінші туры 28 мамырда өтеді. Президент сол күні анықталмақ. Қылышдароғлы Армения мен Әзірбайжан арасындағы дауға Еуроодақ позициясымен қарап отыр.

Пашинян Таулы Қарабақта тұрған Ресей (ОДКБ) әскерлерінің кетіп, орнына БҰҰ контингентінің келгенін қалайды. Себебі, оның ойынша қазіргі ойыншық бітімгерлерді Баку адам құрлы көрмейді.

Қылышдароғлыға жақын болу үшін Армения өзінің Ресей құрсауынан барынша босағанын көрсетуге дайын. ОДКБ-дан кейін, егер Ресей Қырымнан айрылса, Армения Еуразиялық экономикалық одақтан кетуге де арнайы Жол картасын жасауда.

Ереван Грузия жолын таңдап отыр. Негізгі түпкі мақсат - Еуроодақ мүшесі болу. Ол үшін Пашинянға Кемал Қылышдароғлының жеңісі ауадай қажет.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594