Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2696 0 пікір 13 Мамыр, 2013 сағат 09:03

Айдос Сарым. Түркиядағы жарылыстар. Ойланайық!

Бұл түркі әлемі үшін ортақ трагедия. Жарылыстан қаза болғандардың, жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтамын. Солшыл содырлардың осындай жымысқы, қатыгез әрекеті қазақ елінің де қабырғасын қайыстырып отыр.

Екіншіден, баршамызға назар аударар жайт бар. Жарылыстарды жасағандар әсіре діншілдер немесе шетелдік жансыздар емес, Түркияның солшыл, маркстік-анархистік радикал топтарының өкілдері. Өкінішке орай, осындай сүмелектер біздің елде де бас көтеріп келеді. Кешегі елден қашқан Құрмановтар, министрге жұмыртқа лақтырған Цукановтар осылардың идеялас серіктері.
Жалған солшыл, солақай идеяларға мас болып, социал-утопистік, анархистік лозунгтарға діни тұрғыдан сеніп алған иттер бүгін жұмыртқа, ертең - тас, арғыкүні - бомба лақтыруы да ғажап емес. Әлемнің көптеген елдері осындайды басынан өткізген. Оларды ауыздықтау үшін керемет күш салған. Талай адам мерт болды.

Тағы бір өкініш, биліктің өзі де осындайлардың пайда болуына жағдай жасап жатыр. Кейбіреулері тікелей арандатушылар мен жансыздар. Бірақ, ескі қағидаға сүйенсек, әрбір қоғам өз радикалдары мен терроршыларын өзі мәпелеп өсіреді. Біздің биліктің көсемшілдігі, мессиандық данагөйлігі, өзінен басқа біреу бар екен-ау, жұрттың пікірін тыңдау керек екен-ау дегенді ойламайтыны бүгін діни терроршыларға жол ашса, ертең солшыл терроршыларға жол ашып беруі ықтимал. Тіпті алғашқы рет жұмыртқа лақтыруды бастаған да биліктің өзі. Алғашқы рет оппозиция жетекшілеріне тас ата бастаған да билік. Оқты да билік бірінші атты. Бұл өте қауіпті үрдіс.
Менің сөзім ешкімге өтпейді, мені ешкім қажет етпейді, мені ешкім тыңдамайды деген қоғамда нешетүрлі содырлыққа жол ашылады жалпы. Біздің қоғам осындай қоғамға айналып бітті. Егер билік жуыр арада саяси үрдістерді, сан-алуан көзқарастарды қайтадан заңды саяси алаңға, яғни парламент пен баспасөзге қайтармаса, бұның арты тұңғиыққа апарады.
Ойланайық!
Абай болайық!

Abai.kz

0 пікір