Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2728 0 пікір 13 Мамыр, 2013 сағат 07:48

Асхат Еркімбай: «Бостондағы оқиға Қазақстан студенттерінің тұрмысына кері әсер еткен жоқ»

Бостондағы терактқа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған ағайынды Царнаевтардың біреуі қаза тапқан болатын. Осы күндері Царнаевтардың жатақханадағы заттарын жасырып, тергеу ісіне қиындық тудырды деген айып таңылған екі қазақ студенті  Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқов  АҚШ құқық қорғау органдарының  қарауында Федеральдық тергеу орнында жатыр. Диас пен Азаматтың басындағы ахуал АҚШ-та оқып, дәріс алып жүрген өзге қазақ жастарына көлеңке түсірген жоқ па? Біз осы сауалды  Wyoming универститетінің  магистранты Асхат Еркімбайға жолдаған болатынбыз. Ол былай деді:

Асхат Еркімбай, University of Wyoming магистранты, АҚШ:

Бостондағы жағдайдан кейін АҚШ-та, өзің тұрып жатқан қалада Қазақстаннан барған студенттерге деген көзқарас өзгерді ме?

-  Өз басым ешқандай өзгерісті сезбедім. Кампустағы адамдар да, көршілерім де, қаладағы таныстарымның ешқайсы да менімен Бостондағы оқиғаға қатысты әңгімелескен жоқ.

Бостондағы терактқа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған ағайынды Царнаевтардың біреуі қаза тапқан болатын. Осы күндері Царнаевтардың жатақханадағы заттарын жасырып, тергеу ісіне қиындық тудырды деген айып таңылған екі қазақ студенті  Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқов  АҚШ құқық қорғау органдарының  қарауында Федеральдық тергеу орнында жатыр. Диас пен Азаматтың басындағы ахуал АҚШ-та оқып, дәріс алып жүрген өзге қазақ жастарына көлеңке түсірген жоқ па? Біз осы сауалды  Wyoming универститетінің  магистранты Асхат Еркімбайға жолдаған болатынбыз. Ол былай деді:

Асхат Еркімбай, University of Wyoming магистранты, АҚШ:

Бостондағы жағдайдан кейін АҚШ-та, өзің тұрып жатқан қалада Қазақстаннан барған студенттерге деген көзқарас өзгерді ме?

-  Өз басым ешқандай өзгерісті сезбедім. Кампустағы адамдар да, көршілерім де, қаладағы таныстарымның ешқайсы да менімен Бостондағы оқиғаға қатысты әңгімелескен жоқ.

Америкада оқу орындары әдетте қаладан жырақ жерде өз алдына шағын қалашық болып салынады. Кейбір оқу орындары тұтас бір қаланы құрайды. Сол қалашықты - кампус дейді. Американың біз тұрып жатқан Уайоминг штатында (облыс деп түсінсеңіз де болады) бар болғаны 500 мыңдай ғана тұрғын бар. Оның ішінде біздің университет орналасқан қалада 35 мың тұрғын бар десек, оның 15 мыңы студент. Шетелдік студенттер кампустағы студенттердің бар болғаны 10%-ын құрайды. Қазақстан студенттерінің саны - 9. Бір-бірімізді жақсы танимыз. Қазақстан студенттерінің барлығы дерлік өз күшімен оқуға түскендер. Қазақ студенттерінің саны аз болғандықтан Бостондағы оқиға Қазақстан студенттерінің тұрмысына еш кері әсер еткен жоқ. Керісінше, Лондондағы олимпиада кезінде қалада кездескен таныстарым, көшеде көрсе тоқтатып, жеңістерімізбен құттықтаған.

- Қазақ студенттеріне бақылау күшейіп, қысым болып жатқан жоқ па?

- Бақылау деген ұғымды бұл жақтағылар басқаша түсінеді ғой деймін. Себебі сіздің сұрағыңыз үрей жамылып тұрған тәрізді. Бұл жақта барлығын бақылайды. Қаланың өз полициясынан бөлек, кампустың ішкі полициясы бар. Жұрт бұл бақылаудың түрін сенімділікпен байланыстырады. Кампуста сәл бір күдікті оқиға тіркелсе, дереу барлығымыздың қалтафонымызға қаланың полициясынан хабар келеді. «Бәленбай түгенбай деген жерде ұрлық болды. Түр-тұлғасы бәленбай түгенбай адам, бәленбай деген көлігімен күдікке ілінді. Ол көшемен жүрмей тұра-тұрыңдар» деп кеңес береді. Сосын қылмыскерді ұстаған соң «Күдікті ұсталды. Қосымша мәліметтерді сайттан оқисыңдар» деп тағы хабарлайды. Осындай бақылаулардың болуын жұрт қолдайды. Себебі оны тыныштықтың кепілі деп ұғады.

Бостондағы жарылыстан соң қазақ студенттерін емес, бір араб студентін тексергенін білемін. Біз өз ішімізден бұл оқиғаны Бостондағы жайтпен байланыстырдық. Себебі әлгі араб баланың діни сауаты жақсы болғандықтан, жергілікті Ислам мәдени орталығының жұмысына белсенді араласатын. Екінші есептен, бұл қалыпты тексерудің бірі болар деп те ойладық. Себебі, Уайоминг штаты Америка бойынша өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша алдыңғы орында. Әдетте университетте әлдебір студенттің стресске түскені байқалса немесе әлдебір нәрсеге ашуланып жүрсе, ол студент туралы кампус полициясына анаонимді қоңырау шалуға болады. Сосын психологтар келіп, ол студентпен кездесіп, мән-жайын анықтайды. Емтихан маусымында бұл қызмет жақсы жұмыс істейді. Әлгі араб бала бір сабағының нәтижесіне көңілі толмай аудиториядан ашуланып шыққан екен. Содан полиция келіпті. Елінің атауында «-стан» деген жұрнағы бар студенттерді сырттан тексеріп те жатқан шығар. Әйтеуір осы уақытқа дейін ондай бақылау немес қысым дегенді көрмедім.

Жергілікті халық Қазақстан студенттерінің Царнаевтармен байланыстары бар анықталған соң, қазақ студенттеріне қалай қарап жатыр?

-  Қарапайым америкалықтар түгілі олардың мемлекеттік хатшыларының өзі Қырғызстан деген елдің атын шатастырып, «Кырзакстан» деген соң, не деуге болады?

Кампустағы америкалық студенттерінің көбісі Қазақстан деген елді атамақ түгілі Царнаев дегенді атай алады дегеніме күмәнім бар. Америкалықтар қазақ студенттерімен, қазақ студенттері америкалықтармен бәз-баяғыша дос болып, бірге сабақтарын оқып жүр. Мен танитын америкалықтар достарын ұлтына, шыққан тегіне қарап таңдамайды.

- АҚШ баспасөзі Бостондағы жағдайдан соң, Қазақстан туралы жазып жатқаны белгілі. Қандай мазмұнда материалдар көптеп шығып жатыр?

- Кампуста күн сайын New York Times-тың жаңа саны тегін таратылады. Соны оқимын. New York Times Бостондағы екі қазақ студентті суреттегенде «Бай. Орысша сөйлейді. Қымбат көліктері бар» деп сипаттады. Қысқасы кез келген елде кездесуі мүмкін «байлардың еркетотайлары» деп көрсетті. Бірақ басқа басылымдар Азамат пен Диастың ашық-жарқын екенін, достарына адал екенін де айтып отырды. Ұлттық басылымдарда «Қазақстан - мұнайлы ел», дегеннен ары көп нәрсе жазылған жоқ.  Ал интернеттегі пікір қалдырушылар әрине көп эмоциаға салынды. Қазақстанда болған шетелдіктер біздің елдің мұсылманшылығы «төмен» десе, екіншілері жемқорлықты ауызға алды.

- Бұл оқиға АҚШ та жүрген қазақ азаматтарына, студенттерге қаншалықты әсер етіп жатыр?

-          Шынымды айтсам, бізге америкадағы қазақ студенттерінің «қылықтарынан» гөрі, Қазақстандағы болып жататын жайсыз оқиғалар қатты әсер етеді. Мысалы, Жаңаөзендегі оқиғадан соң, америкалық таныстарымның барлығы дерлік, «Үй-ішің аман-есен бе?» деп сұраған. Немесе Иранның Ядролық отын мәселесіне Алматыдағы кездесу туралы мақала тіпті кампустың студенттік газетіне де басылды. Сол кезде шетелдік достарым «Алматыларыңда ірі кездесу өтіп жатыр екен ғой» деп таңқалған. Қазақстан азаматтарының шетелде жасаған қандай да бір әрекеттерінің түп бастауы Қазақстанда жатқанын ұмытпауымыз керек сияқты. Шетелдегі қазақ студенттері бұны жақсы түсінгендіктен, қанша жерден жазғырса да «олардың орнында өзім де болып қалуым мүмкін еді-ау» деп Азамат пен Диастың қатаң жазаға ілінбей, елге аман-есен оралуына тілектес. Америкада оқып жүрген Қазақстан студенттері әлеуметтік желі арқылы үнемі байланысып отырамыз. Сол әлеуметтік желідегі әңгімелер бойынша жасап отырған түйінім.

- Азаттықтағы Қарлығаш Жақиянованың сұхбатын оқыдық. Шетелде соның ішінде АҚШ та оқу жолында жүрген қазақ жастарының арасында оқудан гөрі, сауық-сайранға, ақша шашуға бейім жастар көп дегенді оқып жатамыз. Өзіңнің көрген-білгендеріңмен бөліссең?

- Шетелде оқып жүргеннің бәрі шын біліп қуып келмегенін бәріміз де білеміз ғой. Қазақ студенттері Иран немесе Қытай тәрізді белгілі бір идеология негізінде өспегендіктен - әртүрлі. Көпшілігінде өзара тіл табысып, түсінісіп кетулері қиын. Бұл дегенім бір-бірімен күн сайын жұдырықтасып, сөзге келіп жатады дегенім емс. Америкадағы қазақ студенттерінің әлеуметтік, материалдық мәртебелері, елдің болашағына қатысты көзқарастары, азаматтық ұстанымдары әртүрлі. Бірі қазақша сөйлесе, бірі орысша сөйлейді, бірі Қазақстанға қайтамын десе, бірі Америкада қаламын т.с.с. Қазақстан студенттері арасында не қазақстандық, не қазақ деген бір ортақ түсінік қалыптаспағандықтан Қазақстанның болашағына қатысты ортақ бір қалыптасқан ұстаным жоқ.

Сосын тек қазақ жастарын идеалдандырып, оларды мінсіз көрсетуден немесе күстаналаудан аулақпын. Оқуға келдім деп, сауық-сайран құрайтындар барлық елдің жастарында бар. Көбінесе арнайы бір шәкіртақы бойынша келгендер немесе оқу орындарының шәкіртақысын жеңіп алғандар сабақтарына тиянақты келеді. Себебі жауапкершілікті сезінеді.

- АҚШ оқиғадан кейін Қазақстаннан оқуға, жұмысқа баратын адамдарға талапты күшейтіп, тіпті ішінара тыйым салуы мүмкін бе?

- Әбден мүмкін. Көрер көзге бәрі де тап-тұйнақтай, мамыражай көрінгенімен, сауысқаннан сақ ел ғой. Тыйым салмағанымен, бақылаудың қосымша бір түрлерін енгізуі мүмкін. Меніңше Америка ғана емес, кез-келген ел өзінің ішкі қауіпсіздігін, тұрақтылығын сақтау үшін осындай қадамға баруы заңдылық тәрізді.

0 пікір