Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 10480 0 пікір 13 Мамыр, 2013 сағат 06:47

Қасым - тарихи көркем фильм

Мереке күндері - мамырдың  7-сі мен 10-ы аралығында «Қазақстан» Ұлттық арнасынан «Қасым» атты төрт бөлімді көркемфильм көрсетілді.  Фильмнің аты айтып тұрғандай бұл кинотунды Екінші дүниежүзілік соғыста Украин ормандарын кешіп есімі аңызға айналған батыр атамыз, марқұм Қасым Қайсеновтың өшпес даңқын әйгілеген  дүние болып шығыпты.  Қарулас достарының ортасында «Черный Вася» атанған Қасым Қайсенов  соғыстан кейін қолына қалам алып естеліктер, очерктер, әңгімелер мен повесттер жазды. Ол  «Жас партизандар»,  «Илько Витряк», «Переяслав партизан­дары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары» сияқты шығармалардың авторы. Қаскеңнің «Партизан соқпақтары» баспадан шыққан бетте мұқабасы мүжіліп, қолдан қолға өтіп оқылған еді. Біз сөз етіп отырған тарихи көркемфильм тап осы повестте қамтылған оқиғалардың желісінде түсірілгенге ұқсайды. Әрине,  төрт сериялы кинотунды қаһарман Қасым Қайсеновтың Укрина жеріндегі бүкіл ерлігін тізіп көрсете алмаған бірақ, құпия тапсырма алып фашистер басып қалған өлкеге диверсант болып аттанған «орыс еместің» (фильмде украиндер  Қасымның  ұлтын нақты білмегендіктен осылай атайды) әскери техникалық базаны тас-талқан еткен ептілігі мен қайсарлығын паш етеді. Фильм қиян-кескі соғыс заманы мен ненің не екендігін түсін болмайтын қалаймақан уақыттың шеңберінде шыр айналған адамдар тағыдырын шынайы суреттейді.

Мереке күндері - мамырдың  7-сі мен 10-ы аралығында «Қазақстан» Ұлттық арнасынан «Қасым» атты төрт бөлімді көркемфильм көрсетілді.  Фильмнің аты айтып тұрғандай бұл кинотунды Екінші дүниежүзілік соғыста Украин ормандарын кешіп есімі аңызға айналған батыр атамыз, марқұм Қасым Қайсеновтың өшпес даңқын әйгілеген  дүние болып шығыпты.  Қарулас достарының ортасында «Черный Вася» атанған Қасым Қайсенов  соғыстан кейін қолына қалам алып естеліктер, очерктер, әңгімелер мен повесттер жазды. Ол  «Жас партизандар»,  «Илько Витряк», «Переяслав партизан­дары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары» сияқты шығармалардың авторы. Қаскеңнің «Партизан соқпақтары» баспадан шыққан бетте мұқабасы мүжіліп, қолдан қолға өтіп оқылған еді. Біз сөз етіп отырған тарихи көркемфильм тап осы повестте қамтылған оқиғалардың желісінде түсірілгенге ұқсайды. Әрине,  төрт сериялы кинотунды қаһарман Қасым Қайсеновтың Укрина жеріндегі бүкіл ерлігін тізіп көрсете алмаған бірақ, құпия тапсырма алып фашистер басып қалған өлкеге диверсант болып аттанған «орыс еместің» (фильмде украиндер  Қасымның  ұлтын нақты білмегендіктен осылай атайды) әскери техникалық базаны тас-талқан еткен ептілігі мен қайсарлығын паш етеді. Фильм қиян-кескі соғыс заманы мен ненің не екендігін түсін болмайтын қалаймақан уақыттың шеңберінде шыр айналған адамдар тағыдырын шынайы суреттейді. Фильмде аярлық, сатқындық, қорқатық, соның бәріне сілкініп қарсы тұрған кек, көз жасы, махаббат бар. Ең бастысы адам, адамның жандүниесі бар. Соның бәрі Қасымның (актер Қуандық Қыстақбаев) айналасында өрбиді.

Фильмге Қазақстанның, Укринаның, Ресейдің актерлері қатысыпты. Режиссері -  Белозорович Леонид Григорийұлы (белорус). Негізгі кейіпкерді сомдаған Қуандық Қыстақбаев -   Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері. Осыған дейін ол  Болат Қалымбетовтың «Сардар» (Құлжа), Ермек Тұрсыновтың  «Келін»  фильмдерінде басты рольдерде ойнаған болатын.

1941 жылы бұрынғы КСРО шекарасына баса-көктеп кірген неміс басқыншыларының бетін қайтарған ерлікті Ресей режиссерлері мен тарихшылары, жазушылары орыстың жекеменшігі көріп келген еді. Мына фильм сол бір ағаттықтың, асқынған көкіректердің әуселесін басқандай болды. Екінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы қазақ халқының тағдыры, тыл еңбеккерлерінің ерен қайраты, майданда көз жұмған батыр аталарымыздың арман-аңсары - кино әлемінде айбынды тақырып болып қалуы керек. «Қасым» сол айбынды тақырыптың алғашқы бетін ашқан сияқты.

Фильм туралы қысқаша анонсты мына сілтемеден көруге болады: http://kaztrk.kz/kaz/news/kino/Tusaukeser_Kasim__Telehikaja__Resej__Kazakstan__2013_zh____id1367232260.html

Abai.kz

0 пікір