Жұма, 29 Наурыз 2024
Қайраткер 2364 13 пікір 10 Мамыр, 2023 сағат 14:25

Азаматымыз 60 жаста!

Атамыз қазақ еңбегіне, ерлігіне сүйінген Ел перзентін «Азаматым!» деген ғой. Біздің заманымыздағы Азаматтардың бірі – мамырдың 8-күні жасы алпысқа толған Ғалымжан Бәділжанұлы Жақиянов. Көзі қарақты көпшіліктің Ғалымжанның кім екенін жақсы білетіні шәксіз.

Әсіресе «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын  ұйымдастырумен байланысты қызметі туралы аз айтылған да, аз жазылған да жоқ. Ал менің білетінім – тіл мен жағын жалға берген әлдекімдердің: - Бұл Жақиянов Семей, Павлодар облыстарының әкімі болғанында өз пайдасы үшін ойына келгенді істеді! - деп күйсегендері. Осы облыстардағы туған-туысқандарыммен, дос-жолдастарыммен аралас-құралас болып жүріп, Ғалымжанға қатысты теріс сөз естіген емеспін. Ғалымжанға болған «тарихи соттан» кейініректе  Павлодарға жолым түсіп, бір жас журналшымен танысып, әңгімелескенімізде оның: - Аға, қалам ұстап, қатарға қосылған бес жылым ішінде көріп-білгенімде  биліктің   Ғалымжан Жақияновқа жасаған қиянатынан өткен сұмдық жоқ, неткен әділетсіздік! - деп күйінген түрі әлі көз алдымда. Ол соттың да сорақы өткізілгенін, Ғалымжанға «мемлекетке екі миллион теңге зиян келтіді деп тағылған айыптың бетпақтық екенін, ол сома облыстық денсаулық сақтау бөлімінің сызды ой жердегі дәрі-дәрмек қоймасын құрғақ қырға көшіруге жұмсалғанын айтты.

Иә, «айран ішкен құтылған, шелек жалаған тұтылған», «тырнақтылар мен тістілер» әуейіленген заман.

Өзіне болған сол соттың үкім шығаруы алдындағы соңғы сөзінде Ғалымжанның не дегенін еске түсірелік (түпнұсқасынан): «...Причина очевидна: дату окончания процесса обозначил лично президент  Назарбаев. И в этом ни у меня, ни у моих сторонников нет и не было никаких сомнений. Также лично президент Назарбаев  назвал и срок моего осуждения – семь лет, о чем было известно задолго до судебного разбирательства... Прокуратура и суд, являясь не более чем органами, обслуживающими режим личной власти президента Назарбаева, в данном случае лишь слепо исполнили приказ».

Ашық, анық айтты. Оны ұмытаған жетесіз шенеуніктер шетке еріксіз кеткен Ғалымжанды елге жолатпауға тырысты. Оралып еді, әлгі тіл-жағын жалға бергендер тағы да күйсей бастады.

Е, Ғалымжан інім, қазекең: «Ержігіт не көрмейді, тірі жүрсе» деді де ғой. Бекем бол, берік бол! Сен де тап болған әділетсіздік қашанғы үстем бола берер дейсің! Енді шаршамай, шалдықпай, халқыңа адал қалпыңда 100 жасауыңа тілектеспіз!

Ағаң Ғаббас Қабышұлы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616