Жұма, 29 Наурыз 2024
1439 5 пікір 30 Наурыз, 2023 сағат 13:26

Қазақстан президенті саяси жүйе өзгергенін мәлімдеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 наурызда Астанада VIII сайланған парламент мәжілісінің бірінші сессиясын ашты. 19 наурызда мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында мәжіліске билік партиясы мен қазіргі билікке сын айтпайтын тағы бес саяси ұйым кірді.

Тоқаев өзі басқаратын әкімшілік шешімдері мен заңнамалардағы өзгерістерді сапалы саяси реформа деп көрсетуге тырысты. Билікті сынаушылар мұндай болмашы өзгерістерден ешқандай пайда жоқ, олар билікті президент қолына жұмылдыруды көздейді деп отыр.

Тоқаев болса "конституциялық реформалар арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды" деп есептейді.

"Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Тоқаев сайлау кезіндегі көптеген заңбұзузылықтар туралы ештеңе айтпады, тек "сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды" деумен шектелді. Президенттің пікірінше, "бұл науқан, шын мәнінде, бұрынғыдан ерекше, өзгеше болды, сайлау науқаны шынайы бәсеке жағдайында, ашық өтті".

Сәрсенбі күні парламент ғимаратына жақын маңға металл қоршаулар орнатылды. Қазақстанның түрлі өңірлерінде сайлау нәтижесімен келіспейтіндер наразылық акциясын өткіземіз деп жатқан уақытта қауіпсіздік шаралары күшейтіліп отыр.

Тоқаев 2019 жылы президент қызметіне кіріскелі бері елде екі парламент сайлауы өтті. 19 наурыздағы сайлау Нұрсұлтан Назарбаев билік партиясы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысы қызметінен кеткеннен кейін ұйымдастырылған алғашқы саяси науқан болды.

Бақылаушылар сайлау кезінде бюллетендерді жәшікке қос-қостап тастау, "карусель" ұйымдастыру секілді заң бұзушылықтар болғанын айтты. Билік ұсақ заң бұзушылықтар "сайлау нәтижесіне әсер етпеді" деп мәлімдеді.

19 наурызда өткен мәжіліс пен мәслихатты кезектен тыс сайлауда партиялық тізім бойынша да, бірмандатты округтер бойынша да көп орынды биліктегі "Аманат" партиясы (40 орын) иеленді. Мәжіліске партиялық тізіммен "Аманат", ҚХП,"Ақ жолдан" бөлек, "Ауыл" (10 орын), "Республика" (6 орын), ЖСДП (4 орын) өткен.

Халықаралық ұйымдар Қазақстан билігі шынайы қарсылас болатын оппозициялық топтарды сайлауға өткізбеді деп мәлімдеген.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610