Жексенбі, 26 Мамыр 2024
Айқай 2444 20 пікір 29 Наурыз, 2023 сағат 16:01

Голодомор - геноцид! Ашаршылық ше?

Кеше Франция елінің 162 депутаты қолдап, 2-ы қарсы болып Сталиннің 1930 жылдары колхоздастыруды желеу етіп, миллиондаған халықты аштан қырған зұлымдық әрекетін «Геноцид» деп таныды. Парламенттің қаулысында: «Кеңес үкіметінің украин халқына жасаған зорлықты әрі жоспарлы ашаршылығы мақсатты түрде жасалған Геноцид болып табылады. Мұндай шешім қабылдаудағы ойымыз украин халқына дем беру, Кеңес билігінің жауыздық қылмысын айғақтау», - деген. Сондай-ақ Путиннің қазіргі шапқыншылығын да Сталиннің әрекетіне теңеген.

Тарихты қайта қараған депутаттар үкіметін де сондай шешім қабылдауға шақырды. Оны естіген Зеленский твиттерде: «Бұл тарихи шешім», - деп алғысын жеткізді. Өзге де мемлекеттерді қолдауға шақырды.

Еуроодақ парламенті былтыр желтоқсанда Украинадағы қолдан жасалған аштықты «Геноцид» деп таныған. Оған іле-шала Болғария үн қосты

1929 жылы РКФСР үкіметі ауылшаруашылық реформасын жүргізуге шешім қабылдады. Оның бір бөлшегі ретінде ауылшаруашылығын бірыңғай ұжымдастыру, яғни ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасын жүргізу еді.

Ұжымдастырудан кейінгі алғашқы жылдары КСРО-ында жаппай ашаршылық орын алды, Нәтижесінде, ашаршылықтың Кеңес Одағында қамтыған аумағы 1,5 миллион шаршы метрді құрап, 65,9 миллион халық зардап шеккен.

2008 жылы Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы жанындағы арнайы комиссия «КСРО аумағындағы 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алу» атты зерттеу жариялаған болатын. Зерттеу жүргізген авторлардың болжалды мәліметтерінше, ашаршылық пен оған қатысты індеттерден, 1932-1933 жылдарда адам өлімін 7 миллионға бағалаған. Аштықтан көп қырылған украин халқы мен қазақ халқы делінеді. Тәуелсіз Қазақстан билігі 30 жылдан бері қолдан жасалған аштықты әлемдік деңгейде «Геноцид» деп тануға бастама көтеруге батпай келеді.

Қазтай Аяна Серікқызы

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2348
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2690
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2941
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1772