Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 3305 2 пікір 29 Наурыз, 2023 сағат 14:17

Кавказдық Қазақ елі. Қазақ қаласы

Кавказда VIII-ХVII ғасырлар аралығында өмір сүрген касах-кашактар біздің қазақтың бір бөлігі ме, басқа ма? Ол халық қазір неге жоқ, олардың ұрпақтары қайда? Осы сауалдардың нақты жауабын табу, тарихи тұрғыдан алғанда, аса маңызды.

Атаулары бізге ұқсас «казак» деген орыс тілді әрі христиан дінді атақты ұлт бар, Қазақстанмен қоса бүкіл Орта Азияны, Кавказды және Қиыр Шығысқа дейінгі алып аймақты Ресей империясына бағындырып берген сол ат құлағында ойнаған жауынгер казак халқы екені даусыз. Казактардың арғы тектері киргиз-қайсақ (қазақ) халқынан екенін ресейлік атақты академик Василий Бартольд «Түркілер жайлы 12 баяндама» деген белгілі еңбегінде жазған. Оны ресейлік белгілі тарих зерттеуші ғалым Мұрад Аджи де «Мәңгі көк аспансыз» деген кітабында нақтылайды.

ХІХ ғасырдағы Ресей тарихшылары да Дон казактарының ескі сөздері киргиз-кайсак (қазақ) сөздерімен бірдей екенін жазған. «Қ» әрпі жоқ орыс тілінде «қазақ» атауы «казак» деп жазылуы заңдылық. Сол казактардың ұлттық киімдері кавказдықтарға ұқсайды. Бұл олардың ата-бабалары Кавказдан шыққан қазақтар екенін байқатады. Ресей империясының оқымыстылары: «Казактар Ресейден крепостной құлдықтан қашқан орыс-славяндардан қалыптасты, Дон аймағындағы түркі тайпалары қосылғандықтан және еш патшаға бағынбай еркін өмір сүргендіктен олар түркіше «еркін салт атты» ұғымын беретін «казак» атауымен аталып кеткен» деп сендіруге тырысты (түркілік тілдердің ешқайсында «қазақ» деген сөздің ондай мағынасы жоқ екені анық). Кавказда болған касах-кашак елін «кабардиндердің ата-бабалары» деп тұжырымдады. Алайда, нақты фактілер орыс ғалымдарының тұжырымдарының жалған екенін дәлелдейді. Соларға нақты тоқталсақ:

1. Араб тарихшысы Ибн әл Асир VIII-ХІІІ ғасырлар арасындағы Кавказдағы оқиғаларды баяндай отырып ондағы касах-кашак елін қыпшақ деп көрсетеді, яғни түркітілді халық екенін айғақтайды. Ал орыстар «касах-кашактардың ұрпағы» дейтін кабардиндер адых тілді (адыгей-абхаз тілдерімен туыс) халық екені белгілі. Оның үстіне, Анна Антоновскаяның «Великий Моуровий» деген еңбегінде қазіргі Грузияда ХVI ғасырда грузиндерге көрші қазақ елі отырғаны, ол қазақтардың түркі тілді әрі жартылай көшпенді екені жазылған. Осы фактілер грек-араб жазбаларында «касах-кашак» деп кездесетіндердің қазақтар екенін, олардың кабардиндерге үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айқын дәлелдейді. Ал оларды өзара туыс деу қазақтың ертеден бар халық екенін жасыру үшін ғана қажет болған.

2. «Казак» деген ел Қырымға ХІІІ ғасырда орныға бастағаны көне жылнамаларда жазылғанын орыс тарихшылары мойындайды. Оның үстіне, Донға жақын аймақта Касог деген көшпенді ел ХІІ ғасырда өмір сүргені көне рус жылнамаларынан мәлім. Ал крепостной құлдық Ресейде нақты ХVII ғасырда (1649 жыл) пайда болды, ХVI ғасырда болған деген пікір де бар. Қалай болғанда да «казак-касог» деген елдің ресейлік крепостной құлдық заманынан 500 жыл бұрын Дон-Қара теңіз аймағында өмір сүргені анық. Сондықтан «Казактар крепостной құлдықтан қашқан орыс шаруалары» деуге еш негіз жоқ. Әрине, казактарға ХVIІІ ғасырда ішкі Ресейдегі крепостной құлдықтан қашып келіп қосылғандар болды. Алайда, олар казак елін қалыптастырған жоқ. Анығында, олар құлдықтан қашып өз еліне келіп қосылған казактар еді. Олар ХVI ғасырда Мәскеу патшалығының әскері болған казактардың ұрпақтары болатын. Иван Грозный әскері «стрелеские полки» деп аталғаны және ол тек казактардан жасақталғаны белгілі (казактар – Иван Грозныйдың нағашы жұрты). Сол «стрелеские полкін» жойып, ондағы казактарды крепостной құлдыққа сатып жіберген – ХVIІ ғасырдағы Петр І патша. Екатерина ІІ патша заманында крепостной құлдықтағы сол казактардың кей ұрпағы Дондағы ата-бабаларының еліне, яғни Казак еліне қашып барған (оларды кейін қайтару үшін әйел патша арнайы әскер жіберген). Осы деректерді пайдаланып, «Казактар құлдықтан қашқан орыс шаруаларынан қалыптасты» деп бұрмалайды. «Өтіріктің құйрығы – бір-ақ тұтам», тереңірек зерттесек, мұның анық-қанығына көз жеткізу қиын емес.

3. Орыстардың ұлттық киімі мен казактардың ұлттық киімдері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Донға жақын аймақта отырған қазақтардың ұлттық киімдері де казактардың киім үлгісіне жақын емес. Ресей ғалымдары айтқандай, казактар құлдықтан қашқан орыс шаруаларынан және оларға қосылған жергілікті түркі тайпаларынан қалыптасса, ұлттық киімдері орыс немесе қазақ ұлттық киімдеріне жақын болуы тиіс еді. Казактардың ұлттық киімдері кавказдықтарға ұқсайды. Демек, олар Дон аймағына әуелде Кавказдан келген. Әуелгі казактардың түр-түстері де сары орысқа ұқсамаған, қара түсті кавказдықтарға келетін. Екатерина ІІ патша заманында Донға ішкі Ресей орыстарын жаппай қоныстандыру басталды, соның нәтижесінде казактар ассимилияцияға түсіп орыстілді этносқа айналған. Христиандықты қабылдап, тек шіркеу-орыс тілінде сөйлеуге міндетті болғандықтан, төл ана тілдерін (қазақ тілін) жоғалтқан. Діні бір орыстармен жаппай араласып, қыз алысып, қыз беріскен соң, көп казактардың түрлері де орысқа ұқсап өзгерген. Алайда, казактар жайлы ескі фотодеректерден олардың түрлері әуелде кавказдықтарға жақын болғаны байқалады. Казактардың арғы тегі қазақтан екенін атақты академик Василий Бартольд жазғанын, оны ресейлік белгілі ғалым Мұрад Аджи де нақтылағанын айтып өттік.

Демек, казактар – христиандықты қабылдау арқылы ана тілінен (қазақ тілінен) айрылып, орыс тіліне көшуге мәжбүр болған қазақтар. Орыс тілінде «қ» әрібі болмағандықтан, «қазақ» атауы «казак» болып өзгерген. Олар – Кавказдағы қазақ елінің ХІ ғасырдан кейін Дон аймағына қоныс аударғандарының ұрпақтары. Казактардың ата-бабасы – кавказдық қазақтар, ал кавказдық қазақтарVIІ ғасырда қазіргі Қазақстан даласынан Кавказға барған азияттар (Закавказьені 626-жылы қысық көзді, жалпақ бетті азияттар басып алғаны тарихшыларға мәлім). Олай болса, қазақ халқы VIІ ғасырда өз жерінде өз атауымен болғаны ақиқат. Ал Кавказдағы Қазақ елі – біздің халықтың ажырамас бір бөлігі. Осы фактінің өзі қазақ тарихшылары Құрандай сеніп жүрген Дулати, Қашхари және Рашид-ад-дин  жазбаларының жалған екенін, ол еңбектер қазақтың ертеден бар екенін жасыру үшін арнайы дайындалғанын дәлелдейді.

Закавказьені 626-жылы жаулап барған Батыс Түркі қағанаты әскері деп танылатын. Олар қазіргі біздің даладан барған және Хазар қағанатын орнатқан. Ресейліктер оларды хазарлар деп тұжырымдаған. Сондықтан Закавказьеге барған қазақтар жайлы айтпас бұрын, әуелі хазарлар жайын анықтап алу қажет. Ендеше хазарлар жайлы деректерді шолып өтелік:

«Во дни его (Кобад, правил 489-531 г.) выступили хазары и вторглись в его страну и дошли до Динавера. И послал Кобад против них военачальника, одного из своих великих военачальников, во главе двенадцати тысяч (воинов). И вступил он в страну Аррана и завоевал то, что между рекой, известной (под названием) Аррас до Ширвана. Вслед за тем, Кобад двинулся за ним и построил в Арране город Байлакан и город Барда’у, главный город всего края, и другие. А хазары остались (там). Затем он построил преграду Аллана между областью Ширвана и воротами Аллана. И построил над преградой много городов, которые были разрушены после постройки Баб-ал абуаба...»  (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей).

Мұнда Иранды Кобад билеген заманда (489-531 жылдар арасы) хазарлардың Иранға басып кіргенін, олардың Динавер деген жерге дейін жеткенін айтады. Ол заманда Иран мен Эфталидтер жиі қақтығысқан, эфталидтер иелігі Иранға көрші қазіргі Түркімения аймағында болғаны белгілі. Ал ат-Табари мен Прокопий жазбалары Кобадтың билікке эфталидтер көмегімен келгенін, 506-жылдары Византиямен соғыста эфталидтер көмегіне сүйенгенін, алайда Кобад пен эфталидттер бірде одақтас болса, бірде жауласып отырғанын көрсетеді. Эфталидтердің әуелгі ата қонысы – қазіргі Түркіменстан аумағы, ал Хазар – қазіргі түркімендер құрамындағы үлкен тайпа. Осы деректер хазарлардың қазіргі Түркіменстан аймағынан шыққанын айғақтайды. Яғни, Иранға басып кірген хазар тайпасы эфталиттер әскері болған. Ибн әл Асирдің айтуынша  Кобад оларға мықты қолбасшысын үлкен әскерімен жіберген, сосын сол әскерлердің Закавказьеде Аракс өзені мен Ширван аймағы арасын жаулап алғаны айтылған. Кобад сол жерлерде шекаралық бекініс қамалдар салдырған және хазарлар сонда қалған. Алайда, Кобад хазарларды Иран жерінен қуып, Закавказьеге кетуге мәжбүр етті ме, әлде хазарларды бағындырып, Савир еліне қарсы жорыққа қолданды ма, осы жағы түсініксіз. Ибн әл Асир жазбасының арабша түпнұсқасын тікелей қазақшаға аударса, көп нәрсе айқын болар еді. Ал біз амалсыз орыстар өз қажеттеріне қарай бұрмалап аударған құжаттарға жүгініп отырмыз. Қалай болғанда да, Ибн әл Асир хазарлардың қазіргі Әзербайжан аймағына Кобад заманында (VI ғасырда) орныққанын айқын көрсетеді.

Сол кезде Кавказда христиан дінді Савир патшалығы өмір сүрді. Прокопий жазбасында Азиядан келген Ивир елі деп таңбаланған, ал ресейліктер Ивир елін әуелгі Грузин княздігі деп түсіндіреді (осының өзі Савир патшалығы Закавказьеде болғанын айғақтайды). Прокопий жазбасы Савир билеушісі Курген 523-жылы Кобад әскері қысымынан Византияға қашқанын баяндайды, тарихшылар да Иран әскері сол жылдары Савир әскерін талқандағанын айтады. Яғни, VI ғасырдың басында (523-жылы) Кобад әскері Закавказьедегі Савир патшалығының кей аймағын жаулап алғаны анық. Ибн әл Асирдің «Аракс өзені аралығы мен Ширванға дейін»,  «Кобад онда Байлакан мен Бардау қалаларын салды», «ал хазарлар (сонда) қалды» деген деректері ол аймақтың қазіргі Әзербайжанның оңтүстік-шығыс өлкесі екенін аңғартады. Осылайша араб тарихшысы хазарлардың VI ғасырда қазіргі Түркіменстаннан Иранға келгенін, сосын Иран әскері қысымынан Арран еліне барғанын растайды. Нақтырақ айтсақ, хазарлар VI ғасырда (523-жылы) Закавказьеге орныққан. Ол кезде Армения Иран елінің құрамында болған, қазіргі Әзербайжан жері Арран деп аталған, ал Әзербайжан деп ол тұста Ирандағы қазіргі Оңтүстік Әзербайжан аймағы айтылған.

Кобад 531-жылы қайтыс болады, оның орнына ұлы Хосрой Ануширван патша болған (531-579-жылдар арасы). Ибн әл Асир сол Хосрой Ануширван заманында абхаз, банджар, баланджар дегендер Иран еліне жорық жасағанын, олар әуелі Арменияны басып алғанын былай баяндайды: «И собрались абхазцы и банджар и баланджар с целью (напасть) на его (Хосрой Ануширван, правил 531-579 г) страну и направились в Арминию, чтобы напасть на ее жителей, а путь (туда) был легким. И дал им (Хосрой) время (до тех пор), пока они не углубились в страну. И послал против них войска и они сражались с ними и уничтожили их, за исключением десяти тысяч человек, которые были взяты в плен и поселены в Азербайджане» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).

Міне, Хосрой Ануширван оларды өз елінің ішіне бойлап енгенше тимеген, сосын үлкен әскермен барып соғысып жеңген, олардың аман қалғандарын Әзербайжанға қоныстандырған (Ирандағы Шығыс Әзербайжан өлкесіне). Тарихшылардың пікірінше, Иран жеріне шабуыл жасаған Савир әскері және бұл оқиға 556-жылы болған. Ибн әл Асир жазбасының орысшасында абхаз, банджар, баланджар деп көрсетілгендер – Савир патшалығындағы халықтар атауы, олардың арабша түпнұсқадағы атаулары абхаз, журжан, авар немесе алан немесе құмық болуы ықтимал. Өйткені, Савир патшалығының өз халқы – журжандар (жужан) және ол аймақта алан, абар, абхаз, құмықтар мекендегені Әл Масуди деректерінен белгілі. Қалай болғанда да олардың арасында хазар деген жоқ (ат-Табарани мен Прокопий деректерінде де олардың арасында хазарлар бары жазылмаған). Иранға Армения аймағы арқылы шабуылдаулары олардың Тбилиси аймағынан шыққанын байқатады. Ал хазарлар қазіргі Әзербайжанның шығыс-оңтүстігіне орныққанын айттық (Аракс өзенінен Ширванға дейін). Хосрой Ануширван олардың ел аймағына бойлап енуін күткен, сосын оларды түгелге жуық қырып салған. Келген жағына шегініп қашар мүмкіндіктері болмаған, олардың ту сыртынан соққы беріп шегінер жерлерін жауып тастаған хазарлар болуы мүмкін. Хосрой оларды қырып салғаны, бар болғаны он мың адамды аман қалдырғаны жазылған дерек Савир әскерінде кем дегенде 40-50 мыңдай адам болғанын байқатады. Осы соғыс нәтижесінде Савир патшалығы қатты әлсіреп, көп ұзамай толық жойылды. Ал халқы қазіргі Грузия аймағындағы кіші Кавказ тауына кетіп аман қалған. Өйткені, грузин-орыс тарихшылары Прокопий дерегіндегі Ивир (Савир) елін Грузия княздігі деп таниды және грузиндердің әуелде журзан деп аталғаны мәлім.

Савир империясын орнатқан Гунн билеушілері және савирлер Кавказға ІV ғасырда біздің даладан барғаны белгілі. Сол Жужан қағанаты заманында Каспий теңізі Журжан деп аталды. Олай болса, Савир мемлекетін орнатқан – жужандар (журжан-журзан), олар Савир патшалығының негізгі халқы болды. Грузиндер ертеден өз аймағында отырды, олар ешқашан Солтүстік Кавказды немесе Дағыстанды мекендемеген. Демек, Савир патшалығы Закавказьеде өмір сүрген. Алайда Ресей ғалымдары әдеттерінше деректерді өз қажеттеріне бұрмалап түсіндіреді. Олар: «Хазарлар 556-жылдары Савир әскері құрамында Дағыстаннан барып Иранды шабуылдады, оларды жеңген Хосрой хазарлардың бір бөлігін Закавказьеге қоныстандырды» деп түсіндіреді. Осылайша Кобад билеген заманда болған оқиға (523-жыл) мен оның баласы Хосрой Ануширван заманындағы оқиғаны (556-жыл) біртұтас көрсетуге тырысады (арасы – 33 жыл). Анығында, хазар тайпасы Кобад заманында, шамамен 523 жылы Закавказьеге орныққан. Олар Кобад патша савирлерден тартып алған жерге – Аракс өзені мен Ширван арасындағы өлкеге қоныстанғанын Ибн әл Асир жазады. Савир патшалығы өз жерлерін тартып алып орныққан хазарларға жау болғаны, сол себептен хазарлар Иранмен одақтасқаны анық. Иранға шабуыл жасаған Савир әскерінде хазарлардың болмауы соның айғағы. Хазарлар керісінше, Иранның одақтасы ретінде олардың ту сыртынан соққы берген болуы мүмкін (сол көмектері үшін хазарларға савирлер жеріне, Тбилисиге дейінгі аймаққа қоныстануға Хосрой рұхсат еткен болар).

Хосрой Ануширван заманында Савир патшалығы толық жойылып, Тбилиси қаласы ирандықтар қолына өткен. Сол соғыстарда Хосрой Ануширван әскері хазарлар болған сияқты. Өйткені, содан кейінгі ғасырлар жайлы деректерде Каспий теңізінен Тбилисиге дейінгі аймақта хазарлар отырғаны жазылады (Әл Масуди, Ибн әл Асир деректері), хазарлар 555 жылы Закавказьеде болғанын Псевдо-Захарий жазбасы да растайды. Савир патшалығы жойылған соң, Закавказьеде хазарлар негізгі күшке айналған. Хосрой патша Савир патшалығы орнында Хазар патшалығы пайда болуынан қорыққан. Оның Закавказьедегі әр халыққа жеке патша сайлап, көптеген жеке княздіктер орнатуы соның айғағы (ол княздіктер орысша аудармада престол, филаншах, лакзов, маскат деп кездеседі, оның бірі арабша түпнұсқада «хазар» болуы әбден мүмкін). Хосрой Ануширван хазарлар күшейсе, Иран қалаларын тонауға көшетінін жақсы түсінген. Сол хазар жорықтарының алдын алу үшін Иран мен Закавказье шекарасында мықты қорғандар мен қалалар салдырғанын, оның ең негізгісі – әл-Баб қаласы мен оның тау мен теңіз арасына салынған қорғаны.

Ресейліктер әл-Баб деп қазіргі Дербент қаласын көрсетеді. Осылайша «Хазарлар қазіргі Дағыстан аумағында отырған, ал Иран мен хазарлар шекарасы қазіргі Дағыстан мен Әзербайжан шекарасы маңында болған» деген түсінік қалыптастырды (орыстардың тұжырымына сай дерек беретін Прокопий жазбасында ол жер «Каспийский проход» деп көрсетілген. Теңіз кейінгі ғасырларда ғана Каспий деп аталғанын ескерсек, онда Прокопий жазбасы Ресей тарапынан бұрмаланып, өзгергенін түсінеміз). Шындығында, әл-Баб қаласы қазіргі Иран мен Әзербайжан мемлекеттері шекарасына жақын маңда болғанын Ибн әл Асирдің мынау деректері анық дәлелдейді: «И построил Кобад стену, прилегающую к одной части той местности. Когда же он скончался, царем стал его сын Ануширван, положение его укрепилось и совершил поход в Фергану Бурраджан, он, по возвращении, построил город Шабаран и город Маскат и город ал-Баб-в-ал-абуаб, который был назван Ябуаб потому, что он был построен на дороге в гору. И построил другие, кроме этих, города и для каждых ворот прохода он построил каменный замок. И построил Ануширван стену, с моря, и провел ее по вершинам гор и устроил над ней железные ворота и назначил людей для ее охраны. И выбрал Ануширван царей, которых он распределил по разным областям, и между ними владетель Престола и Филаншаха и Лакзов и Маската и других. И оставалась Арминия в руках персов до появления ислама... Покончив с ал-Бабом, Сурака послал Букайра ибн-'Абдаллаха, и Хабиба ибн-Масламы, и Хузайфу ибн-Усайда и Сальмана ибн-Раби'и к населению тех гор, которые окружают Арминию; при этом Букайра он послал в Мукан, Хабиба – в Тифлис, Хузайфу – в горы аллан и Сальмана – в другую сторону.  ...В этом же, 762 году восстали тюрки и хазары в Баб-аль-абуабе и убили большое число мусульман в Арминии...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»)

Ибн әл Асирдің осы үш дерегі әл-Баб қаласы Арменияға көрші орналасқанын айғақтайды (Дербент қаласы мен Армения көрші емесі анық). Әл-Баб қаласы Арменияға көрші екенін Х ғасырдағы араб тарихшысы әрі географы Әл Масуди де жазады. Осы географ-ғалым әл-Баб қаласы Кавказ тауының Каспий теңізіне (Хазар) тірелген сілемінде орналасқанын, таудың екінші шетіндегі сілемі Қара теңізге (жағасында Трабзон қаласы орналасқан) тірелетінін анық көрсетеді: «Одни из отрогов горы, как мы уже сказали, подходит к Хазарскому морю около ал-Баба. Другой отрог идет к упоминавшемуся морю Майтас, куда выходит Константинопольский пролив. На этом море лежит Трапезонд, прибрежный город...» (Ал Масуди «История – Ширвана и Ал Баба»). Осы деректегі Трапезонд қаласы ол таудың кіші Кавказ тауы екенін айқын дәлелдейді. Яғни, әл-Баб қаласы кіші Кавказ тауының Каспий теңізіне тірелер тұсында болған. Ақиқаттығын ғалымдар мойындаған осы екі арабша жазба Дербент қаласы әл-Баб қаласы емесін, Хазар қағанаты әуелден Закавказьеде болғанын, мұсылман әскері келгенге дейін Хазар қағанаты мен Иран шекарасы Арменияға көрші жатқанын айқын растайды. Осылайша ресейліктердің «Хазар қағанаты аймағына Дағыстан мен Повольжия және Батыс Қазақстан кірді» деген тұжырымы толық жалған екенін көреміз.

Ибн әл Асир Түркі қағанаты әскерінің, яғни қазақтардың VIІ ғасырда Закавказьені жаулап алғанын былай баяндайды: «Когда же воцарился Хосрой, он построил в округе Сула и Джоражана много построек и укрепленные замки, которыми он укрепил всю страну. И направился хакан Синджибур в его страну. Это был величайший из тюрок и он привлек на свою сторону хазар, абхазцев и баланджара и они подчинились ему. И выступил он (хакан) во главе большого числа (воинов) и написал Хосрою, требуя с него подать и угрожая ему, если он (этого) не сделает. Но Хосрой не удовлетворил ни одной из его просьб, так как он укрепил свою страну и укрепил область Арминии так, что она могла довольствоваться (для своей защиты) небольшим числом (воинов). И повернул хакан в свою страну, не достигши своей цели, так как он не мог ничего сделать...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей).

Савирлерді жеңген Хосрой Ануширван мен түркі ханы Синжибур заманындағы Хосрой екі бөлек адам. Біреуі –  Хосрой Ануширван 531-579-жылдар аралығындағы Иран билеушісі, екінші билеуші Хосрой Парвиз – оның немересі. Ол 570-628-жылдар арасында билік еткен. Деректе түркі ханы Синджибурдың әуелі хазар, абхаз, баланджарларды бағындырғаны, сосын Иранға жасаған жорығы іске аспағаны, өйткені Хосройдың алдын ала Армения аймағындағы шекарасын қорғандармен күшейтіп қойғаны көрсетілген. Осындағы абхаз, хазар, баланджарлар мен Иран шекарасы ретінде Армения аймағы көрсетілуі оқиғаның Закавказьеде болғанын айқын дәлелдейді.

Синджибур – Түркі қағанатының өкілі, ал Түркі қағанаты әскері Закавказьеге VIІ ғасырдың алдыңғы жартысында ғана, анығырақ айтсақ 626-жылы барғанын тарихшылар мойындайды. Хосрой Ануширван ол заманда өмірде болған жоқ, 579-жылы қайтыс болып кеткен. Демек, Синджибур шабуылы заманындағы Иран билеушісі Хосрой Парвиз екені анық. Ресей ғалымдары болса, Хосрой Ануширван мен оның немересі Хосрой Парвиздің есімдері бірдей екенін пайдаланып, екеуін бір адамдай көрсетеді. Осылайша Түркі ханы Синджибур жорығы Хосрой Ануширван заманында болғандай бұрмалайды. Олар еш дәлелсіз Синджибур хан мен Истеми қаған бір адам деп тұжырымдап, Истеми қағанның эфталид елін (қазіргі Түркіменстан аумағын) жаулап алуы мен Синджибур ханның Закавказьені жаулап алуын бір оқиға етіп бұрмалайды. Өтіріктерін ашатын Ибн әл Асир жазбасын сенімсіз етіп көрсету үшін «Ибн әл Асир деректерді Иран жазбаларынан көшіре салған» дейді. Сосын 626 жылы Закавказьені басып алған түркі ханының есімін басқаша атайды (өздері бұрмалаған иран-византия жазбаларын пайдаланады). Алайда, еуропалықтар алғаш байқап, өз тілдеріне аударып үлгерген, сол себептен орыс оқымыстылары бұрмалай алмаған Ибн әл Асир жазбасы шындық, тіпті басқа екенін дәлелдейді. Ол Синджибур ханның Закавказьені басып алғанын, содан соң Армения аймағы арқылы Иранға жорық жасауға тырысқанын анық көрсетеді. Осы деректер қазіргі Түркіменстан аумағын жаулап алған Истеми қағанның Синджибур хан еместігін аңғартады. Бұдан Ресей тарихшыларының еуразиялық халықтар тарихын жүйелі түрде өзгерткенін, өткенді христиандық империя саясатына сай қайта бұрмалап жазғандарын тағы байқаймыз.

Ибн әл Асир хазарларды Синджибур ханның әскері демейді, керісінше Синджибурдың абхаз, баланджарлармен бірге, хазарларды да бағындырғанын айтады. Осы дерек Синджибур біздің даладан барып Закавказьені басып алғанда, хазарлар сол аймақта отырған жергілікті халық екенін көрсетеді. Синджибур хан Иран еліне аттанған, алайда Хосрой Парвиздің ел шекарасына орнатқан мықты қорғандары оған кедергі болған. Синджибур өз еліне қайтты дегені оның Иранға бет алған жорығын тоқтатып, Закавказьеге, яғни өзі орнатқан Хазар қағанаты аймағына оралғанын дәлелдейді. Хосрой Парвиздің Армения аймағының қорғанысын күшейткені Иран мен Хазар қағанаты шекарасы Армения аймағында екенін тағы байқатады.

Ол заманда (620-жылдары) Түркі қағанаты екіге ыдырап, Ашина династиясы қазіргі Қазақстан аймағындағы билігінен айрылғанын, ол аймақта Жужандық сұрбөрас-шибөраш династиясы «Он Ақ Түтін қағанатын» орнатқанын бұған дейін жазғанбыз (ресейліктер «Он Оқ Будун» деп бұрмалаған, оны сол реселіктер ықпалымен «Батыс Түркі қағанаты» деп атап келдік). Синджибур хан – сол Түркі Ашина династиясының өкілі, биліктен айрылған соң қазақ халқының өзіне бағынышты бөлігін ертіп Кавказға кеткен. Демек, VIІ ғасырда қазақтарды Закавказьеге бастап барған – Синджибур хан. Ол сол жердегі хазар, абхаз, құмық, алан тәрізді жергілікті халықтарды бағындырып, өз мемлекетін орнатқан (Хазар қағанаты). Закавказеде хазарлар басым болғандықтан және парсылар VI ғасырдан ол жерді «Хазарлар иелігі» деп танығандықтан, Синджибур хан орнатқан мемлекет Хазар қағанаты болып тарихқа енді. Анығында, оны орнатқан қазақтар болатын, ол замандарда арабтар қазақтарды «түркі» деп те атаған. Өйткені, Ибн әл Асир ортаазиялық қалалар тұрғындары мен Закавказьедегі хазарларды «түркілер» деп атамайды. Ол «түркілер» деп жалпақ бет, көзі қысық дала халқын айтады. Закавказьеге қазіргі қазақ даласынан барған қысық көз, жалпақ бет азияттар екенін ғалымдар бір ауыздан мойындайды, тек орыс оқымыстылары ғана оларды еш дәлелсіз «хазарлар» деп бұрмалайды.

Синджибур хан – Асылұяның Түркі Ашина династиясынан. Өйткені, ғалымдар Хазар қағанатын Түркі Ашина тобы билегенін айтады. Алдыңғы мақалаларымыздың бірінде Түркі Ашиналар өз бақталасы Сұрбөрас тобын «шибөраш» деп атап кеткені және өздерін «бөріші» деп атағаны жайлы айтқанбыз («шибөрашты аулайтын бөріші» деген мағынада). Сондықтан Синджибур хан есімі дұрысында – Асұяңшыбөрі. Арабша жазылуы:  اثيانشيبورى Асйаншибури, ثيندشيبورى – Синдшибур. Шындығында, хазарлардың VI ғасырда (523-жылы) Закавказьеге қоныстанғанын осы Ибн әл Асир деректерінен көрсеттік. Олай болса, VIІ ғасырда (626-жылы) Закавказьені жаулап алған қазақтар. Онда VIІІ ғасырда Қазақ деген бекініс-қала болғаны, Византия императорының ІХ ғасырда Закавказье даласын «страна Касахия» деп көрсетуі соның дәлелі.

Ресейліктер: «Хазар қағанаты VIІ ғасырда қазіргі Дағыстанда орнаған» дейді, ал Ибн әл Асир VIІ ғасырда ол аймақты Дағыстан деп өз атауымен жазады: «И написал он царю Джурджана, Зернан-Сулу, и тот ответил ему и заключил с ним относительно Джурджана мир, по которому он платить джизью с тем, чтобы Сувайд прекратил войну с Джурджаном и оказал ему помощь в случае, если он, Зернан-Сул, будет побежден. Сувайд (Он оставался там) до тех пор, пока не собрал харадж и не познакомился с границами его (Джурджана), для защиты которых он приставил тюрок из Дахистана, причем тех, кого он назначил для их защиты, он освободил от джизьи, тогда как с остальных он ее взыскал. Говорят, что завоевание их было в 639 году.... В. 729 году тюрки вторглись в Азербайджан, где их встретил ал-Харс ибн-‘Амру и обратил их в бегство. Ал-Джаррах вступил в страну хазар со стороны Тифлиса, завоевал их город ал-Байд'а и возвратился благополучно...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).

Жоғарыда Журжан (грузин) патшасы өз елін хазарлардан қорғау үшін араб қолбасшысы Сувайдтан көмек сұрағаны және салық төлеп тұруға уәде бергені, Сувайдтың Дахистантағыстан» – «жабайы ел» деген мағына) аумағы түркілерін Хазар қағанаты мен Журжан патшалығы шекарасына орналастырғаны баяндалған. Осы деректен мұсылман халифаты қазіргі Әзербайжан аумағын VIІ ғасырда Хазар қағанатынан тартып алғанын, кіші Кавказ тауындағы Журжан (грузин) елі де халифат билігін мойындағанын және Хазар қағанаты мен мұсылман халифаты шекарасы Тбилиси аймағы болғанын көреміз (Хазар қағанаты Колхида даласы мен Қара теңіз және Азов теңізі жағаларына дейінгі аймақта сақталып қалған). Ал Дағыстан сол заманда өз атауымен болған. Ол жерде Хазар қағанаты болса, адамдарын «хазарлар» деп жазар еді. Өйткені, Ибн әл Асирдің деректері хазар мен түркілер одақтас болғанымен, екі бөлек ел екенін айқын көрсетеді: «Тем временем тюрки объединились с хазарами и вступили с мусульманами в кровопролитную войну. В этом, 652 году хазары и тюрки одержали победу над мусульманами.... В этом, 722 году одна мусульманская армия, во главе которой стоял Сабит ан-Нахарани вступила в страну хазар со стороны Арминии. Собравшись в очень большом количестве, хазары, которым на помощь пришли кипчаки и другие тюркские племена, встретили мусульман в месте, известном под названием «Луг камней...» В этом, 730 году был убит ал-Джаррах ал-Хаками ибн-'Абдаллаха. После того как ал-Джаррах обратил хазар и тюрок в бегство, они снова явились со стороны Аллана...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).

Ибн әл Асир мұсылман әскерінің VIІІ ғасырда Армения аймағынан Хазар қағанатына шабуыл жасағанын баяндайды. Осы дерек Хазар қағанаты Арменияға көрші қазіргі Грузияда орналасқанын, яғни Хазар қағанаты Дағыстанда еместігін тағы дәлелдейді. Сол соғыста хазарларға қыпшақтар көмектескенін айтады. Яғни, осы жерде түркілерді «қыпшақ» атауымен көрсеткен. Оның «қыпшақ» деп отырғаны – қазақ, арабша түпнұсқадағы «қасақ» атауын орысшаға «қашақ» деп аударып, сосын «қашақ» деген «қыпшақ» атауының арабша бұрмалануы деп сендірген. Осылайша Закавказьедегі қазақ елін қыпшақ етіп тарихқа енгізген Ресей билеушілерінің зымиян саясаты. Сол себептен болар, Әл Масуди жазбасының орысша аудармасында «кашак елі» делінген. Алайда, Византия императоры жазбасында елдің атауы «Касахия» және Анна Антоновскаяның «Великий Моровий» жазбасында «Казахи» деп біздің халық екені анық таңбаланған. Ресей оқымыстылары «қыпшақтарды Грузин патшасы Давид ХІ ғасырда солтүстіктегі даладан шақырып алған» дейтіні мәлім. Ал Ибн әл Асир болса, одан 300 жыл бұрын (VIІІ ғасырда) Закавказьеде хазарлар мен қыпшақтар бірігіп, араб-мұсылман әскерімен соғысқанын айтады. Сол аймақта «Қазақ» деп аталатын жерлер көп сақталғаны, ал «қыпшақ» атауы мүлде жоқтығы, олардың қыпшақ емес Қазақ деп аталған ел екенін дәлелдейді.

Араб тарихшысы әрі географы Әл Масуди Х ғасырдағы Хазар қағанаты жайлы көп құнды деректер қалдырған. Ол Хазар қағанатының әуелгі астанасы Самандар екенін (анығында ол Тбилиций қаласы екенін Хазарлар жайлы мақаламызда дәлелдеп көрсеткенбіз), ол аймақты мұсылмандар басып алғанда мемлекет орталығы Қара теңізге жақын Амал қаласына көшірілгенін жазған (қазіргі Кубань өзені аумағында). Сонымен қатар Қырымда урус пен сакалбан (рус, сакалиба) елдері отырғанын, ал қазіргі Дон аймағы Ұлы Бұлғар патшалығы жері екенін де мәлімдеген. Сол құжаттардан Дон аймағында, яғни Ұлы Бұлғар патшалығында көшпелі қазақтар да болғанын көреміз: «Здесь находятся хорошо снаряженные люди хазарского царя. [Их задача] оказывать сопротивление каждому, кто идет с этого моря или с той стороны земли, части которой простираются от Хазарского моря до Нитас (Черного моря). Это потому, что тюркские кочевники— гузы приходили зимовать в этих местах. Иногда рукав, который соединяет реку хазар с проливом Понта, замерзает, и гузы с их конями переправляются через него. Это большая вода, но она не расступается под ними потому, что [зимой] она крепнет, как камень. Так гузы проходили на хазарскую территорию, и нередко, когда люди хазарского царя, поставленные здесь для отражения гузов, не могли удержать их, выступал сам царь, чтобы воспрепятствовать их прохождению по льду и отогнать их от своего царства; но летом для тюрков нет пути для переправы...» (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»).

Әрине, ресейлік аудармашы оларды «кочевники гузи» деп көрсеткен. Алайда, «Древне русские летописи» деген жазбалар ХІ ғасырда ол аймақта көшпенді Касогта елі болғанын баяндайды. Көне урус жазбасындағы «Касогта» дұрысында – «Касахтар», яғни «кочевники Касогта» – көшпенді Қазақтар.

Әл Масуди жазбасының арабшасындағы «ғазақ» атауын орысшада «гузи» деп бұрмалаған (арабта «г» әрпі жоқ, «ғ» әрпін орысшада «г» деп жазған). Арабша жазылулары: غذق – ғазақ, غذى – ғузи. Демек, Дон аймағын қазақтар ертеден мекендеген, шамасы олар Түркі қағанаты әскері ретінде VIІ ғасырда Кавказға және Қара теңіз маңындағы далаға барып орныққан.

Енді Әл Масудидің Каспий мен Қара теңіз арасындағы аймақ (қазіргі Әзербайжан, Грузия, Шығыс Дағыстан және Абхазия жерлері) халықтары жайлы деректеріне көз жүгіртсек: «Вернемся теперь к описанию ал-Баб вал-абваба и племен, живущих поблизости от Стены и горы Кабх (Кавказ). Мы сказали, что вреднейшим из таких соседних народов является княжество Джидан. Его царь — мусульманин, который заявляет, будто он араб из [племени] Кахтан. В настоящее время, а именно в 943 году, он известен как Салифан, и в его государстве нет других мусульман, кроме него, его сына и семьи.... Между Джиданом и ал-Бабом живут мусульмане арабы, которые не говорят хорошо ни на каком языке, кроме арабского. Они живут на границе с царством Джидан, но защищены от него зарослями и реками. От них до города ал-Баб около трех миль, и жители ал-Баб приходят им на помощь.

Со стороны Кабха и Сарира Джидан граничит с [землей] царя, называемого Б.рзбан, который мусульманин, и город его называется К.р.дж. (*Карах). Они вооружены булавами. Каждый правитель этого царства зовется Б.рзбан. За этой землей лежит владение Гумик. Его жители – христиане – не подчиняются никакому царю, но имеют начальников и живут в мире с царством Алан...» (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»).

Әл Баб қаласы, шамамен қазіргі Ленкорон қаласына жақын аймақта, ал Джидан деген бұзақы ел (еврей елі) қазіргі Әзербайжанның Тертер мен Бардин аудандары аумағында болғанын аңғардық. Ал мұсылман Барзбан патша елі дегені – мұсылман Қазақ елі. Өйткені, орысша аудармада Карадж және Карах деп екі түрлі нұсқамен көрсетілген қала – қазіргі Қазақ қаласы. Арабша жазылулары: كزح – казах,  كرح – карах,  كرج – карадж  (Қазақ қаласы екенін мойындаса, онда әл-Баб қаласы Дағыстанда емесін де мойындауға мәжбүр болатындарын орыстар жақсы түсінеді). Ел билеушісін орысша «Барзбан» деп аударыпты, ол дұрысында «Бадшаң» (патша) болуы мүмкін. Батыс қазақтары, оның ішінде Кавказда анық болған адайлар билеушіні «Бадша» деп атайды («хан» демейді). Арабша жазылулары: بارذبان  – барзбанباضشان – бадшан. Олардың қаруы «булава» екен, Дон казактары да осы қаруды ұстаған (казактар – Кавказдан барған қазақтар екенін айттық). Олардың көршілері – христиан дінді Құмық (гумик) елі (олардың хунь халқының құман тайпасынан қалыптасқанын алдыңғы мақалаларымыздың бірінде жазғанбыз). Ибн әл Асир дерегі де Қазақ қаласы VIІІ ғасырда болғанын (орысша аудармада «хайзах» деп көрсетілген) және оған көрші Құмық елі отырғанын айғақтайды: «В 738 году Мерван ибн-Мухаммеда ибн-Мервана, будучи правителем Арминии, совершил поход; он ... вторгся в Гумикукрепленный замок, в котором находились дочь царя и его престол. Царь бежал от него и прибыл в замок по имени Хайзах, в котором находился золотой престол...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).

Ол Қазақ пен Құмық елін басып алған адамның Армения аймағы билеушісі екенін айтады. Бұл Құмық елі ол заман Дағыстанда емес қазіргі Әзербайжанда болғанын айғақтайды. Қазіргі Қазақ қаласы да солай екеніне куә, өйткені Әл Масуди мен Ибн әл Асир де Құмық елі осы қалаға көрші екенін анық жазады. Осы Қазақ қаласы ХV ғасырдан бастап Ресей империясы басып алған ХІХ ғасырға дейін Қазақ сұлтанатының астанасы болды (ХІХ ғасырда Еуропада қазақ кілемдері зор сұранысқа ие болғаны белгілі).

(Жалғасы бар) 

Бекжан Әденұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620