Сейсенбі, 19 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 2108 6 пікір 27 Наурыз, 2023 сағат 12:45

Медведевтің «бомбасы»

Күні кеше әлеуметтік желіде «Қазақстанның мемлекеттігі жоқ» деген жазба қалдырған Қазақстандық таэквондист Глеб Лымарь артынан өз сөзіне түсінік берді. Оған сенсек аккаунты әлде кімдер жағынан бұзылғандықтан, бұғатталған. Жоғарыдағы пікір «менің азамат әрі спортшы ретіндегі беделіме қатты нұқсан келтірді», - депті ол үндеуінде.

Қазақ тарихына қатысты мұндай ұшқары пікірдің бірінші рет айтылып тұрмағаны, терістік көршіміздің БАҚ-тары жұмыла кірісіп құлағымызға сіңіре бастағаны жұртқа аян. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында Ресей президенті Путин студенттермен кездесуінде: «Қазақта мемлекет болмаған», - деп сеніммен айтқан еді. Оның зөңгілесі Медведев те солтүстіктегі облыстарымызды «орыс жері», - деп жазба жариялап, соңынан «аккаунтым бұзылды, пікір менікі емес», - деп ақталған.

Енді сол Медведев Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасы салауатымен ақпараттық бомбасын Америка мен Еуропаға қаратып отыр. Өткен аптада орыстың қаптаған басылымдарына атышулы сұхбаттар беріп, ауызбен орақ орып, Батысқа дөң айбат көрсетті. Гаага сотының «Путинді соғыс қылмыскері» деп танып, құрамындағы елдерге тұтқындауға ордер бергені белгілі. Оған ірі елдер қолдау білдіре бастады. Бірінші болып Германияның заң саласының басшысы Путин Германияға аттап басса, бірден тұтқындайтынын мәлімдеді. Англия халқаралық сотқа мүше 42 елдің өкілдерін Лондонға жинап, Путинді құрықтау үшін бірлесе қимылдау керектігін ақылдасты. Украинаға сапарлай келіп, «Соғыстың әкелген қасіретін өз көзіммен көрдім, әлемде тәртіп орнатпаса болмайтынына көзім жетті», - деген Жапон басшысы да соттың үкімін мүлтіксіз орындайтынын айтты. Жазда Оңтүстік Африкада алтын өндіруші бес елдің (Ресей, Қытай, Үндістан, Бразилия, Оңтүстік Африка) саммиті өтетіні белгілі. Қара құрлық елінің билігі де Гаага сотының үкімін ескерусіз қалдырмайтынын қадап айтты. Осының бәріне шамданған Медведов ақпараттық құқайын Германия мен Нидерландқа бағыттады. «Төбелеріңнен Құдай мен Орыстың ядролық оқ тұмсығы төніп тұр», - деп қорқытпақ болды.

Наурыздың 20 мен 22 аралығында Қытай басшысының Мәскеуде сапарда болып, Путинмен бірлескен мәлімдеме жасағаны белгілі. Ши төрағаның Ресейге сапарын қортындылаған саяси сарапшылар «Ресей – Қытайдың шикізат базасына, энергетикалық отарына айналды», - деп баға берген. Медведевтің ондай пікірлерге де шамданғаны сұхбатынан анық көрінді. Қытайдың Американы әлде қашан басып озып, әлемнің бірінші экономикасына айналғанын алға тартып, ақталумен болды. Америка сарапшыларының «2038 жылға қарай Ресей ыдырайды», - деген болжамының өңін айналдырып «Ресейден бұрын Америка ыдырайды», - деп көсілді. «Украина Қырымға шабуыл жасаса, атом қаруын қолданамыз», - деп барып, тізгінін әрең ірікті.

Медведевтің айтқандарының құр бос сөз емес екенін дәлелдегісі келгендей Путин де Беларуське тактикалық ядролық қаруларды орналастыратынын жеткізді. Өтініш Лукашенко тарабынан түскен екен. Лукашенконың онымен кімді қорқытқысы келгені белгісіз. Украина тарабы оны «Беларусь Ресейдің ядролық барымтасына түсті», - деп бағалады. Оған жауап ретінде НАТО 300 мың әскерін Польша, Эстония, Латвия қатарлы елдерге орналастыратын болды. Ресей жақтан әлде бір оғаш қимыл байқаса, жермен жексен етпек.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1440
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 1653
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 2819