Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1862 2 пікір 24 Наурыз, 2023 сағат 14:26

Тәліптер Әмудария өзеніне канал салмақ па?

Тәліптер үкіметі премьер-министрінің орынбасары міндетін атқарушы молла Абдул Ғани Барадар Ауғанстан «Өзбекстан келісімімен» Әмудария өзенінде Көштепа каналын салуға дайын деп мәлімдеді.

Абдул Ғани Барадар 22 наурызда Кабулда Өзбекстан президентінің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Абдуләзіз Камиловпен кездескен.

Барадардың мәлімдеуінше, келіссөздер барыыснда өзбек жағы "Көштепа каналы құрылысына көмектесуге дайын екенін білдірген".

Өзбек делегациясы жүздесу барысында Көштепа каналын салғанда Әмудария өзенінен су алу үшін халықаралық құқық талаптары ескерілуі керектігін ескерткен.

Бұның алдында Абдуләзіз Камилов бастаған делегация 22 наурызда Кабулда тәліп үкіметінің ресми өкілдерімен кездескені хабарланған. Мәліметтерге қарағанда, Ауғанстан астанасындағы келіссөздерде су және энергетика мәселелері талқыланған.

Өзбекстан - 2021 жылғы 15 тамызда Кабулды басып алған тәліптер үкіметімен байланыс орнатқан санаулы елдердің бірі.

«Талибан» қозғалысы жасақтаған үкіметті әлемдік қауымдастық әлі күнге дейін мойындамай отыр.

 

Abai.kz

2 пікір