Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
1167 1 пікір 24 Наурыз, 2023 сағат 14:22

Чехия Ресей мен Белорусь азаматтарына виза шектеуін ұзартты

Чехия Ресей мен Беларусь азаматтарына виза бермейтін шектеуді 2024 жылдың наурызына дейін ұзартты. Бұл шешімді 22 наурызда ел үкіметі қабылдады.

ІІМ басқа елдің азаматтығы бар ресейліктер мен беларусьтерге де шектеу қоюды ұсынып, бұл бастама да мақұлданды.

Ресей және Беларусь азаматтарына виза гуманитарлық себептермен берілуі мүмкін. Еуропа одағының азаматтығы бар және одақ елдерінде тұрақты тұрып жатқандардың туыстарына виза беріле бермек.

Чехия былтыр Ресей Украинаға басып кірген тұста ресейліктер мен Беларусь азаматтарына виза беруді тоқтатқан еді. Балтық елдері мен Финляндия да виза беру процесіне шектеу қойған. Бірақ ЕО кейбір елдері, соның ішінде Италия, Франция, Венгрия Ресей және Беларусь азаматтарына виза беруді тоқтатқан жорқ, бірақ виза алу қиындай түсті.

Кеше, 22 наурызда Литва парламенті Ресей азаматтарына виза, тұрақты тұруға рұқсат беруге және азматтық алуға, үй алуға шектеу қоятын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

Abai.kz

1 пікір