Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 1432 4 пікір 23 Наурыз, 2023 сағат 12:32

Төраға Ши айтқан «алтын дәуір» кімге тиімді?

Осы аптада Ши Жинпиңнің Ресейге сапары, Ресей-Қытай қарым-қатынасы, жалпы Қытай туралы көп айтылды. Төраға Шидің Мәскеуге сапарына баға беру мен ақпараттық шу араласып кетті.

Сондықтан Қытай көшбасшысы мен Ресей президенті арасындағы кездесудің нәтижелеріне тағы да байсалды әрі сыни тұрғыдан баға берген жөн.

Әр минут сайын «Ши Жинпиң анаумен қол алысты, мынаған сөйледі,  Путин бірдеңе деді, оған Қытай Халық Республикасының төрағасы екі рет басын изеді» деген жаңалықтар тарады. Бірақ негізгі сұрақ басқада. Төраға Ши Ресейге әскери көмек беремін деді ме? Жоқ.

Ресейдің Украина аумақтарын аннексиялап алғанын қолдап бір ауыз сөз айтты ма? Жоқ.

Ол қазір санкцияларға байланысты Ресейге жетпей жатқан чиптер мен басқа да жоғары технологиялық тауарларды жеткізуге уәде берді ме? Тағы да жоқ.

Оның орнына Ресей үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы телебағдарламаларды бірлесіп шығару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мен Индустрия және сауда министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды қоса алғанда, барлығы 14 дана күмәнді құжаттарға қол қойылды. Ресей мен Қытайдың Сауда министрлігі көрме-жәрмеңке қызметі саласындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы келісті.

Ресейлік газ енді Қытайға кедергісіз, Бейжің үшін ең қолайлы бағамен жеткізіледі. Тіпті, Владимир Путин Қытай төрағасы Ши Жинпиңге Азия, Африка және Латын Америкасының басқа елдерімен саудада юаньға ауысқысы келетінін жеткізді.

Төраға Ши сыпайы күлімсіреп, Путиннің бұл ұсынысын тыңдады, бірақ Бейжіңнің Мәскеу үшін не істей алатынын айтпады. Ол Ресей президентіне не беретінін нақты айқындамай, орыс-қытай достығының «алтын дәуірі» басталғанын жариялап, өз еліне кетті.

Қытай Ресейдің Бейжіңге «кіші серіктес» болуына рұхсат берді. Сонымен бірге Мәскеуді халықаралық аренада қолдауға елеулі міндеттеме алмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ресми хабарына қарағанда, бұл қазір Кремль үшін ерекше мақтаныш және Ресей басшылығының сыртқы саясаттағы керемет табысының бірі. Дегенмен Ши төраға айтқан «алтын дәуір» тек Қытай үшін орнамақ. Ол жерде Ресейге орын жоқ.

 

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616