Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 1074 0 пікір 16 Наурыз, 2023 сағат 20:25

Аманаттықтар Алматының сауда орындарында экспромт-кездесулер ұйымдастырды

«AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар мегаполистің адам көп шоғырланған жерлері – «Көк базар» мен «Dostyk plaza» СОО бірқатар экспромт-кездесулер өткізді. Партияның сайлауалды бағдарламасы бар парақшалар тұрғындарға, саудагерлер мен сатып алушыларға таратылып берілді. Саудагерлер Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы, мемлекет тарапынан бизнестің қорғалуы мен қолдауы мәселелері қызықтыратынын айтты.

«Көбіне орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетіледі. Мұнда елімізде бизнес жүргізу ережелерін жеңілдету мәселелері «AMANAT» партиясының жоспарында айқын көрсетілген. Нақты мақсат бойынша 2027 жылға дейін ШОБ қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін 15 мыңнан кем емес тосқауылдарды жою», - деп атап өтті.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат, Medical Partners Korea халықаралық клиникасының негізін қалаушы, м.ғ.д. Ғалымжан Тоғызбаев.
Сатып алушыларды қолжетімді білім, денсаулық сақтау саласы, қауіпсіздіктің күшейтілуі сынды мәселелер толғандырады екен.

«Аманаттықтардың» тағы бір негізгі мәселелердің бірі – баспана мәселесі. Айта кету керек, алдағы бес жылда «AMANAT» партиясы 730 мыңнан астам отбасы үшін қолжетімді 78 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспарларын іске асыруға кепілдік береді. Алматыда және басқа да ірі қалаларда тұрғындардың, бизнес пен экономиканың мүдделеріне сай келетін жайлы қалалық орта құрылады.

«Партия әлеуметтік тұрғын үй салу үшін жеке құрылыс компанияларын ынталандыратын болады. Жаңа құрылыс Кодексі мен «Риэлторлық қызмет туралы» Заң қабылданады. Бұл өз кезегінде тығыз салынған құрылыс пен үлестік құрылыс мәселелерін болдырмауға мүмкіндік береді», - деді қалалық мәслихатқа «AMANAT» партиялық тізім бойынша партиясынан депутаттыққа кандидат Елена Тё.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Abai.kz 

0 пікір