Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Билік 940 0 пікір 13 Наурыз, 2023 сағат 14:58

Үш аптадағы үгіт-насихат кезеңінде мыңнан аса іс-шара өтті

Халықтың саяси белсенділігінің артқанын тілге тиек еткен партиялықтар үгіт-насихат жұмысының аралық қорытындысын шығарды. Саяси белсенділіктің артуына «AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттардың ашықтығы, іс-шаралардың түрлі форматта өтіп, әралуандығы ықпал еткен.

Мегаполистегі барлық сегіз ауданды қамтып, сайлаушылармен өткен жан-жақты кездесулер мен өзара бірлескен іс-қимылдың арқасында партиялықтар тұрғындардан екі мыңға ұсыныс-тілекті қабылдады.

«Бұл – қалыпты көрсеткіш», – дейді қалалық штаб төрағасының орынбасары, қалалық мәслихатқа партиялық тізім бойынша депутаттыққа кандидат Мейіржан Отыншиев.

Біріншіден, үгіт-насихат жұмысы басталғаннан бері партиялық тізімдегі барлық үміткерлер белсенділік пен ұйымшылдық танытты.

Екіншіден, түрлі іс-шараларға 200 мыңға жуық алматылық сайлаушылар қатысты. Үгіт-насихат жұмысы халық арасында парақшалар таратумен шектелген жоқ. Халықпен кездесіп, тілдесіп, шынайы байланыс орнатттық. Барлық сұрақтарына жауап беріп, толғандырған мәселелерін тыңдадық», – деп атап өтті ол.

Ерлан Қошанов бастаған республикалық сайлауалды штаб мүшелерінің Алматыға келуі партияның үгіт-насихат жұмысының ауқымдылығын көрсетті. Штаб құрамында құрамында Күнсұлу Закария, Асхат Аймағамбетов және басқа да танымал партиялықтар болды.

Өткен аптада қалалық мәслихатқа партиялық тізім бойынша ұсынылған депутаттыққа кандидат Диана Ерланның бастамасымен «Сәлем, досым!» атты телефон арқылы басталған үгіт-насихат акциясы партия жақтастарының қызығушылығын арттырды.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Abai.kz 

0 пікір