Жексенбі, 25 Ақпан 2024
Қайнайды қаның... 2391 5 пікір 16 Наурыз, 2023 сағат 13:58

Пинта дауы: Жаман үйді қонағы билейді!

«Егемен елміз» деп кеудемізді ұрған 30 жылда Қазақстанда тіл, дәстүрлі өнер, атадан қалған ас мәзірі қатарлы ұлттық құндылықтарымыз өрге шығу былай тұрсын, аяқасты болып, өзге өркеиеттің жемтігіне айналды.

Басқасын айтпағанда, жат жұрттың дәмханалары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Оның несі айып дерсіз, оның қаупі сол - ұлтымыз ұлт болып ұйысудың орнына, түрлі мәдениетке, жікке бөлініп, ішінен іріп барады. Бұл ретте біз аржағына аса көп мән бермейтін әдеттегі асханалардың теріс рөлі ерекше. Жатжұрттықтардың кафелерінде болған төбелестерді айтпағанда, күн өткен сайын оның қоғамға, жастарға қаупі сорпа бетіне шығуда. Халал асханаларға жұмыс іздеп келген ауыл жастары әсіресе қыздар көп өтпей оранып шыға келеді. Пушкин мен Құрманғазыны сүйістіріп, жарнамасын асырған ұқсас жыныстас ғашықтар жиналатын түнгі клубтың шуы айтпаса да түсінікті.

Енді міне, «Пинта бар» деген шығыпты. Аталмыш компания Алматыда алғаш 2008 жылы ашылған екен. Содан бизнесі дөңгелеп, Шымкент, Астана сияқты үлкен қалалардан желілес кафе барларын ашыпты. Жұрттың ашуын тудырғаны байтақ қазақ жерінің әр түкпірінен күреп ақша тауып отырса да, бар қазақ тілінде ән айтуға тыйым салыпты. Бұны өздері «біздің прициптерімізбен ұстанымымызға қайшы келеді» деп түсіндіріпті. Қазақстанның мемлекет тілін, ұлттық құндылықтарын мойындамай, шектеу қойып отырған атышулы компаниямен танысу мақсатында сайтына кірдік. Өздері жайлы, желілес нысанның аты болған «Пинта» сөзіне мынандай анықтама беріпті: «Пинта – бұл АҚШ-та, Ұлыбританияда, сондай-ақ Ирландияда хош исті Элдың отанында пайдаланылатын көлем бірлігі. Біздің мейрамханаларда біз бұл көлем бірлігін фирмалық сырамыз үшін қолданамыз, ол 450мл құрайды». Пинтаның «халал» деген сияқты символдық мәні бар екені осыдан-ақ көзге ұрып тұр. Қазақ әнін тәрк еткен ұстанымдарының қайдан келгенін де ашық жазып отыр. Кейбір дерек көзінде аталмыш компанияның қожайыны кәріс азаматы екені де айтылады. Қазақстанда кәрістердің шіркеу, діни орталықтар ашып, жат секталарды дәріптеуде өте белсенді екенін де назарда ұстау керек. Діни секта мүшелерінің Ата заңды мойындамай қан тапсырудан, әскерге барудан бас тартатынына көз үйренді. Ал мына компанияның барларында қазақ әнінің әуелеуіне шектеу қоюы – Қазақстан республикасының мемлекет тілін менсінбеушілік.

Қоғам белсенділерінің аталмыш барға байкот жариялауы өте құптарлық қадам. Қазір елімізде мәжіліспен мәсилихатқа депутаттыққа талас қызу жүріп жатқаны белгілі. Болашақ депутаттарда бұл мәселені қаперінде ұстауы керек. Алда парламентте Ұлттық идеологияны өрістететін, шетелдік құндылықтарды жымсыма жолмен нәсихаттайтын «Пинта» сияқты әлеуметтік, мәдени орталықтардың жұмысын қадағалауды күшейтетін заңдар қабылдау керек.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Қауырсын

Әлімжан Әшімұлы 1572
Әліпби

Латын жайы

Бижомарт Қапалбек 1637