Сенбі, 20 Сәуір 2024
1284 0 пікір 16 Наурыз, 2023 сағат 13:04

Күдебаевтың соты тағы да кейінге қалдырылды

Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы тағы кейінге қалды.

Бүгін генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім шығарылуы керек еді. Алайда оның сырқатына байланысты сот отырысы кейінге шегерілді.

Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, келесі отырыстың өтетін күні кейінірек белгілі болады.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ауруханаға түскені туралы жарияланған еді.

Айта кетейік, прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған.

Еске салсақ, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

 

Abai.kz

0 пікір