Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 1037 1 пікір 15 Наурыз, 2023 сағат 20:48

«AMANAT» партиясы қалалық штабтың аралық жұмысын қорытындылады

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы сайлауалды Штабының кезекті отырысы өтті.

Жиынға депутаттыққа кандидаттар, қалалық штаб мүшелері мен аудан төрағалары қатысты. Алқалы жиынның шымылдығын ашқан қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Станислав Канкуров партия штабының аралық жұмысын қорытындылады.

«Сайлаудың өтуіне санаулы күндер қалды. Осы уақыт аралығында штаб мүшелері ауқымды жұмыстар жүргізді. Бүгінгі күнге 200 мыңнан астам адамды қамтыған 1000-ға жуық іс-шара өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 200-ден астам мақала, әлеуметтік желіде 71 мыңнан астам пост жарияланды. Бұл ретте партия мен штаб мүшелеріне нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтамын», — деді штаб жетекшісі С.Канкуров.

Сондай-ақ, штаб жетекшісі «AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттардың жұмысына мониторинг жүргізілгенін және де үміткерлердің белсенділігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Мейіржан Отыншиев қалалық партия ұйымдастырған барлық кездесулер еркін, ашық форматта өткенін, жиындардың санына емес, сапасына мән берілгенін, сайлауалды бағдарламаның халыққа түсінікті тілмен жеткізілгенін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында Мейіржан Отыншиев саяси науқан барысында бірге жұмыс істеп, қолдау көрсетіп жүрген сенімді өкілдерге, штаб мүшелеріне және партия жақтастарына үгіт-насихаттың соңғы аптасында жұмысты жандандыру керектігін алға тартты.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576