Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1038 2 пікір 15 Наурыз, 2023 сағат 14:05

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау қашан басталады?

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың екінші легі 2023 жылғы 3 сәуірде басталып, 28 сәуірге дейін жалғасады.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады.

Жылдың соңына дейін «Болашақ» стипендиясына өтінімдерді қабылдаудың тағы екі легі өтеді: 5 маусым мен 7 шілде аралығында, сондай-ақ 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді.

Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.

Ағылшын тілінде академиялық оқуға түсушілер нәтижесі кемінде 9.0-ден 6.0, тағылымдамадан өтушілер нәтижесі 9.0-ден 5.0 IELTS сертификатын ұсынуы керек.

Сонымен қатар жыл басында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық оқуға арналған квоталық санаттар тізімі кеңейтілді.

Оқуға түсушілерді қолдау үшін инженерлік-техникалық кадрлар мен медицина мамандары үшін жеңілдіктер енгізілді.

Аталған өзгерістер ақасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өтіп, «Болашақ» стипендиясы тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында білім алуға ұсынылатын университеттер тізімінен оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар.

Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

 

Abai.kz

2 пікір