Жұма, 29 Наурыз 2024
1352 0 пікір 15 Наурыз, 2023 сағат 13:24

Су тасқыны: БҚО-да төтенше жағдай

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлеповтің айтуынша, қазіргі кезде барлық іс-шаралар осы шешімге сәйкес атқарылуда.

Оның сөзіне қарағанда, күні бүгін Қоржын ауылында қауіп сейілді.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары келіп, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар күшімен судың астындағы мұзды жарып, ағыспен ағызып жіберу, басқа да жұмыстар қолға алынды. Соның нәтижесінде су кетті. Қазіргі кезде су басқан үйлер жоқ. Тұрғындар өз үйлерінде тұрып жатыр», деді Қ.Төлепов.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, облыстық маңызы бар Жымпиты-Қаратөбе жолының 102-шақырымында жолды су шайып кетті. Соның салдарынан Қаратөбе ауданында 9 елді мекенмен қатынас үзілді. Қазіргі кезде оқиға орнында жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанның Бәйтерек ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Сондай-ақ Ақсай қаласында үйлерге су кіріп, 13 адам эвакуацияланды.

Оралда су басу қаупіне байланысты Маштаков ауылынан тұрғындар көшірілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544