Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 1275 0 пікір 13 Наурыз, 2023 сағат 19:18

Астана тұрмысқа жайлы шаһарға айналады

Астана қалалық мәслихат депутаттығына «AMANAT»-тың партиялық тізімі бойынша ұсынылған Оразғали Егембердиев «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ жұмысшылармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырды.

№1 автобус паркі басшысы Оразғали Егембердиев елорданы жаңғырту жұмыстарын баяндап, партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында қандай мүмкіндіктер қамтылғанын айтты. Бағдарламада қаланы кешенді түрде дамытудың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілгенін жеткізді.

«Партия бағдарламасы – біздің болашақтан күтетін үмітіміз. Бұл – ауыл тұрғыны мен жұмысшы, мұғалім мен дәрігер, кенші мен мұнайшы, кәсіпкер мен мемлекеттік қызметкер, зейнеткер мен көпбалалы ана, такси жүргізушісі мен жеткізу қызметшісі, студент пен жұмыссыздың, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдардың бізге артқан 200 мыңнан астам аманатынан тұратын бағдарлама. Бұл бағдарламадан әр адам әл-ауқат пен жұмыс, жалақы мен азықтүліктің қолайлы бағасы, сапалы медицина мен білім, жеке баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру, ауылды дамыту мен қала инфрақұрылымы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы сұрақтарға жауап таба алады», - деді О.Егембердиев.

Кандидат сайлауда жеңіске жетсе, әлеуметтік саладағы мәселелердің шешімін табуға барын салатынын айтты.

«Біз әрбір әлеуметтік көмек алушының табысы өсуі үшін күресетін боламыз. Сонымен бірге отбасылардың ауыр жағдайға түсуіне жол бермеу үшін барымызды саламыз. Ол үшін отбасының еңбекке қабілетті әрбір мүшесіне арналған жұмысқа орналасу бойынша атаулы жиынтығы ұсынылмақ. Осы мақсатта жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы толыққанды еңбек тиімділігінің орталығы ретінде күшейе түседі. Өңірлерде әкімдіктер жұмыссыздармен және өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен тікелей жұмыс істеу үшін мобильді топтар құрады», - деді Оразғали Егембердиев.

Сайлаушылар өз кезегінде көпбалалалы отбасылардың баспаналы болуы, жұмысшылар арасында тіл курстарын жүргізу, жалақыны арттыру сынды өзекті мәселелерін көтерді.

*Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499