Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
2681 1 пікір 13 Наурыз, 2023 сағат 14:21

«Украинаға жеңіс!» деген сөзі үшін атылған сарбаз кім?

Украинаның Қауіпсіздік қызметі «Украинаға жеңіс!» деп айтқаннан кейін орыс әскерлері атып өлтірген жауынгердің кім екенін анықтағанын мәлімдеді. 

Марқұм жауынгер Чернигов облысы 119 аймақтық қорғаныс бригадасының 163-батальонының мергені Александр Мациевский болған. Ол былтыр 30 желтоқсанда атылып, сүйегі Украинаға биыл ақпан айында қайтарылған.

12 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский Мациевскийге «Батыр» атағын берді.

Тоғайда әскер киімімен тұрған адам «Украинаға даңқ!» деп айтқаннан кейін атылған жауынгердің видеосы 6 наурызда әлеуметтік желіде тараған. Украина бұл көріністі әскери қылмыс деп атап, оны халықаралық деңгейде тексеруге шақырған.

Ресей бұл видео бойынша пікір білдірмеді.

 

Abai.kz

1 пікір