Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 2146 7 пікір 13 Наурыз, 2023 сағат 13:24

Хазар қағанатының астанасы туралы не білеміз?

X ғасырдағы араб тарихшысы Әл Масуди Хазар қағанаты туралы өте құнды деректер қалдырған. Мәселен, мынау жолдарға назар аударып көрсек: «Столицей был Самандар, город, лежащий на расстоянии восьми дней пути от ал-Баба. Он и сейчас населен народом из хазар; но так как в ранние дни ислама он был завоеван Салманом б. Раби'а ал-Бахили, то управление было перенесено оттуда в город Амал на расстояние семи дней от (Самандар)».  

Мұнда Хазар қағанатының әуелгі астанасы Самандар мен Әл Баб қалаларының арасы 8 күндік жол екені, ал Самандар мен кейінгі астанасы Амал қаласы арасы  7 күндік жол екені жазылған. Сонда Әл Баб қаласы мен Амал қаласы арасы 15 күндік жол болғаны. Әл Баб қаласы кәзіргі Иран-Азербайжан шекарасы маңында болғанын алдыңғы мақалада көрсеттік (Астара қаласы маңы),  ал Амал қаласы кәзіргі Кубань аумағында болған (келесі мақала дерегінде).  Астара мен Армавир арасы 1440 км екен, ол салтаттыға шамамен 15 күндік жол. Демек, Самандар қаласы Астара мен Армавир қалалары аралығында болған деу орынды (кәзіргі Грузия аймағы). Хазар қағанатының тұңғыш астанасы – Самандар анығында Тифлис қаласы деген жөн. Өйткені, халифаттың алғашқы дәуірінде Салман б. Раби'а ал-Бахили жаулап алған қала Тифлис екенін Ибн әл Асир дерегі айғақтайды. Әл Баб қаласы кіші Кавказ тауы сілемінің Каспий теңізіне тірелер тұсында болғанын алдыңғы мақаламызда көрсеттік. Ол, шамамен қазіргі Астара қаласына жақын аймақ, сол жерден Тбилиси аймағына дейін 705 км, ол салт атпен сегіз күндік жер (Әл Масуди көрсеткен қашықтыққа дәл келеді). Ал, Тбилиси мен Армавир (Амал қаласы болған аймақ) қалалары арасы 620 км, ол салтаттыға жеті күндік жер (олда Әл Масуди көрсеткен қашықтыққа дәл келеді). Әл Масуди жазбасын орысшалаған аудармашы Тифлис қаласын Самандар деп бұрмалаған. Өйткені, VII-XIII ғасырлар аралығындағы Закавказье тарихын толық баяндайтын Ибн әл Асир жазбасында Самандар деген қала атымен жоқ (қала болған болса және ол жай қала емес, мемлекет астанасы болса, сөзсіз көрсетілер еді). Жоғарыдағы деректе Әл Масуди мұсылман халифатының алғашқы кезеңінде Салман б. Раби'а ал-Бахили Самандар қаласын жаулап алғанын, сол себептен хазарлар астанасы Амал қаласына көшірілгенін айтады. Ал тарихшы Ибн әл Асир Салман б. Раби'а ал-Бахили мен Хабиб ибн-Маслама екеуі хижраның 26-27 жылдары (халифаттың алғашқы кезеңі) Тифлис қаласын жаулап алғанын баяндайды.

Ибн әл Асир аталған оқиғаны былай жеткізеді: «25 год [645г-646г]. Говорят, что тот, кто послал Сальмана ибн-Раби'и ал-Бахили в помощь Хабибу ибн-Масламы, был Са'ид ибн-ал'Асы, и что поводом к этому было то, что (халиф) 'Осман послал Мо'авии приказ, чтобы он отправил Хабиба ибн-Масламы во главе сирийцев в поход в Арминию. Узнав потом, что Мориан, батрик Армениякоса, выступил против него во главе восьмидесяти тысяч румов. Хабиб написал об этом Мо’авии, а тот сообщил ‘Осману, который приказал Са'иду ибн-ал-Асы послать подкрепление Хабибу, и он подкрепил его Сальманом во главе шести тысяч... Хабиб расположился в Хилате, но затем выступил из него. Его встретил владетель Макса, что в Босфорраджане, и был оставлен им правителем в его стране на известных условиях. После этого он прибыл в Сисаджан, население которого вступило с ним в бой, но было обращено им в бегство, и он захватил их замки. Далее он двинулся в Джурзан; к нему явился посланец от его батрика с просьбой о мире, и он заключил с ним мир. Затем он направился к Тифлису, что в Джурзане, и жители его заключили с ним мир. Хабиб занял без боя много замков и городов, близких к нему. И пошел Сальман ибн-Раби’и в Арран и захватил без боя Байлакан, щадить их кровь, имущество и стены их города, но с тем, чтобы они платили джизью и харадж».

Деректе Салман б. Раби'а ал-Бахили мен Хабиб ибн-Маслама екеуінің жорығы Армениядан басталғаны, сосын джурзан (грузин) елін бағындырып, одан кейін Тбилис аумағын жаулап алғаны баяндалған. Тбилиси аумағынан шыққан  Салман б. Раби'а ал-Бахили әрі қарай қазіргі Азербайжан жеріне жорығын жалғастырған.

Прокопий жазбасы Тифлис қаласы VI ғасырдың ортасына дейін Ивир (Савир) патшалығының астанасы болғанын көрсетеді. Савир патшалығы жойылған соң Закавказьедегі негізгі күш хазарларда болды да, VII ғасырдың басында Хазар қағанаты пайда болды. Хазар қағанатының тарих сахынасына шығуы 626 жылы Тбилиси қаласын Батыс Түркі қағанаты әскері (азияттар) жаулап алудан басталатыны мәлім. Яғни, Савир патшалығының астанасы болған Тифлис қаласы VII ғасырда Хазар қағанаты астанасына айналған. Тбилисидің орналасқан жері оның бүкіл Закавказьеге астана болуға бірден-бір лайық қала екенін көрсетеді (аймақтың тура ортасында, Кура өзені жағасында және биік жерде орналасқан). Әл Масуди Тбилиси аумағында отырған мұсылман еліне X ғасырда көрші Журзан (грузин) княздігі мен Абхаз княздігі бағынғанын жазған. Әл Масуди жоғарыдағы деректе Самандар (Тбилиси) қаласы тұрғындары әлі де хазарлар екенін айтқан (X ғасырда). Азербайжандар құрамындағы қазіргі қарапапах елі сол Тбилиси қаласында қалыптасқанын, Орта Азиядағы қарақалпақ ұлты сол Закавказьеден XII ғасырда келген қарапапахтар екенін (әйелдерінің ұлттық киімдері бірдей және екеуінің де атауы қара түсті папахтарымен байланысты), қарақалпақ құрамында түркімендік рулар да бар екенін (яғни, хазарлық рулар) айтқанбыз. Оның үстіне, қарақалпақ тілінде түркімендік белгілер басым екенін растайтын деректер бар. Хазар қазір де түркімендердің үлкен тайпасы екені мәлім. Ал қарапапахтар азербайжан халқы құрамында отыр және құмық, вайнахтар азербайжандарды кейінге дейін «хажари» деп атап келген. Қарапапахтардың үлкен бөлігі әліде Тбилиций қаласында және оның маңында отыр. Демек, Әл Масуди айтып отырған хазарлар сол қарапапах-азарбайжандар деу орынды.

Осы құжаттар Хазар қағанатының әуелгі астанасы Тифлис қаласы болғанын, орыс аудармашысы оны жасыру үшін Самандар деп бұрмалағанын айғақтайды. Оның Самандар деу себебі – Дағыстан аумағында Самандер деген көне мекен бар. Яғни, орыс идеологтары осылайша, «Хазар қағанаты Дағыстан аумағында болған» деген жалған тұжырымдарына Әл Масуди дерегін куә еткісі келген. Арабша жазылуы: ثمندر – Самандер, تفلس  –Тифлис.

Тбилиси қаласы хазарлардан бұрын Савир патшалығының астанасы болған. Савир елі кейін византиялық християндық ықпалымен журзан халқы болып қалыптасқанын, яғни грузин ұлтына айналғанын айттық. Журзан-грузин билеушілері Тбилиси өз астанасы болғанын ешқашан ұмытпаған, кейін XII ғасырда оны қайтарып алып, қайтадан астана қылған. Ибн әл Асир Тбилиси қаласы жайлы мынадай деректер қалдырған: «Город Тифлис – один из самых сильных и недоступных городов, он находится на обоих берегах реки Кур. Курджи захватили Тифлис еще в 515 году [1121г-1122г], когда султаном был Махмуд, сын Мухаммеда, сына Меликшаха сельджукида, одного из величайших по положению царей. Несмотря на это, он не мог помешать им (грузинам) занять его. Никто до Джелаладдина не посмел итти против них и поступить с ними так, как он поступил. Джелаладдин пошел на Тифлис и расположился лагерем недалеко от него... Большинство их были убиты, остальные бежали к городу и вступили в него, преследуемые мусульманами, и как только последние вступили в город, жители его из мусульман кликнули мусульманский клич и имя Джелаладдина, курджи же упали духом и сдались, так как их воинов были убиты в предыдущих сражениях, вследствие чего их число уменьшилось, и их сердцами овладели страх и ужас. Мусульмане овладели городом силой и без амана; поэтому они перебили всех находившихся в городе курджов, не пощадив ни взрослых, ни детей, кроме тех, кто принял ислам и произнес два слова свидетельства: те были пощажены и Джелаладдин приказал обрезать их и не трогать».

Жазбада айтылғандай, Хорезмшахтың ұлы Жалалидин XIII ғасырда Тбилиси қаласын грузиндерден тартып алған, оның мұсылман тұрғындары Жалалидинді туғанындай қарсы алған. Хорезмшах династиясы Орта Азияға барған қарапапақтардың (қарақалпақ) билеуші әулетінен болуы әбден мүмкін екенін алдыңғы мақалаларымыздың бірінде нақты деректермен көрсеткенбіз. Қарапапақ халқы Тбилисиде VI ғасырдан отырған хазарлар мен VII ғасырда (626 жылы) барған қазақтардың өзара сіңісуімен қалыптасқанын да айтып өткенбіз (қарақалпақтар тілі жағынан қазаққа ең жақын ұлт екені рас). Демек, Хорезмшахтың ұлы Жалалидиннің Тбилиси қаласын грузиндерден тартып алуы оның қарапапақ-қарақалпақ болуынан, яғни ол да Отанын азат еткен деуге болады. Көп ұзамай, Тбилиси қаласы біржола Грузия астанасына айналғаны, содан кейін олардың уысынан шықпағаны мәлім. Дегенмен, қарапапақтар ол аймақта әлі де аз емес және олар қазір өздерін азербайжан халқынан деп танитыны белгілі.

Сонымен, Хазар қағанаты әуелде Закавказьеде орнағанына, мемлекеттің ондағы астанасы Тифлис (Тбилиси) қаласы болғанына көз жеткіздік. Оны Самандар еткен, түркілер тарихын түбегейлі өзгертуге тырысқан Ресей империясының зымиян саясаты екені түсінікті.

Бекжан Әденұлы

(Жалғасы бар)

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2254
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522