Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 1210 0 пікір 13 Наурыз, 2023 сағат 13:01

«Навальный» фильмі Оскар алды

«Навальный» фильмі «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын жеңіп алды.

«Мен бұл сыйлықты Алексей Навальныйға және әлемдегі барлық саяси тұтқындарға арнағым келеді. Алексей, әлем сізді ұмытқан жоқ. Біз бәріміз диктаторлар мен авторитаризмге қарсы тұрудан қорықпауымыз керек», - деді фильмнің режиссері Дэниел Роэр.

«Менің күйеуім тек шындықты айтқаны үшін түрмеде отыр. Менің күйеуім тек демократияны қорғағаны үшін түрмеде отыр. Алексей, мен сенің және еліміздің азаттық алған күнін армандаймын. Берік бол, жаным»,-деді Алексей Навальныйдың жұбайы Юлия Навальная «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде.

Канадалық режиссер Даниэль Роэр ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың Ресейге оралуы, оның улануы туралы картинасын алғаш рет 2022 жылдың қаңтарында Sundance тәуелсіз кинофестивалінде көрсетті. Сол кезде туынды көрермендер ықыласына бөленген, сондай-ақ Британдық «Бафта» сыйлығының да лауреаты болды.

 

Abai.kz

0 пікір