Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 839 0 пікір 11 Ақпан, 2023 сағат 14:06

Қазақстан патриотизмның бастауы қайда жатыр?

Қазақстан жер көлемі жағынан әлемнің алдынғы тоғызыншы орынында. Қазақстан патриотизмның бастауы әне сол жерге, елге деген махабаттан бастау алады. Қазақ халқы үш мың жылдан астам тарихында келер ұрпаққа үлгі болатын не бір ерлік дастандарын жазды. Бабалар тарихы мен шежіресінің өзі тұнған өнеге. Мына бір ескі аңыздан арғы аталарымыздың бізге мирас еткен жерге, отанға деген шексіз махаббатын байқаймыз. Баяғыда бір көрші елдің патшасы жерімізге көз тігіп, ол арам пиғылын бірден білдіруге батпай, жанама жолмен жеткізіп, ханымыздың тамырын басып көрмек болады. Мол сәлем-сауқатпен елші жіберіп, астындағы арғымағын сұратады.

Ханымыз көршінің көңілін қалдырғысы келмей, сүйікті атын сыйға береді. Арамза елдің патшасы тағы да елші жіберіп, екінші жолы ханымыздың сүйікті тоқалын сұратады. «Көрші ақысы-тәңір ақысы» деген ханымыз ол тілегін де орындайды. Үшінші жолы арамза патша елші арқылы нақ тілегін жеткізеді. Жер шетіндегі малға жайсыз сортаң жерді басы бүтін беруді сұрайды. Сонда көрші патшаның арам пиғылын шамалап отырған ханымыз бір сәтте атқа қонып, жерімізге көз алартқан жаудың тас талқанын шығарады. Болашақ ұрпаққа жерді, отанды қастерлеудің жолын көрсетіп, отанды сүюдің үздік үлгісін көрсетіп келеді. Одан бірі неше заман өтсе де, неше ұрпақ ауысса да бұл дәстүр еш өзгермей, жалғасып келеді. Оның жарқын үлгісі ретінде Асан қайғының «Жер ұйықты» іздеуін, жыраулар поэзиясын айтуға болады. Әсіресе Махамбет Өтеміс ұлының:

«Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Ерлердің ісі бітер ме?!» деп келетін отты жырларын шабыттанбай оқу мүмкін емес.

Кеңес заманында жазылған Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» дастаны, Мүқағали Мақатаевтың «Алтайдан Атырауға» поэмасын солардың заңды жалғасы еді. Әсіресе Қадыр Мырзалиевтың сөзіне жазылған Ескендыр Хасанғалиевтың «Атамекен», Шәмші Қалдаяқовтың Жүмекен Нәжимеденовтың сөзіне жазылған, әнұранға айналған «Менің қазақстаным» әнінің де рухани әсері ерекше. Жаңа буынды патротизмге тәрбиелеудің озық үлгісіне жатады.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

0 пікір