Жұма, 29 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 2827 3 пікір 9 Наурыз, 2023 сағат 12:49

Ресей мұнайы: Үндістан Еуропаның орынын басқан

Үндістанның әлемдегі үшінші ірі мұнай импорттаушы ел екені белгілі. Еуропа елдері Путиннің Украинаға басқыншылығын айыптап, экономикалық санкция жариялап, газы мен мұнайын алудан бас тартқан бір жылда олардың орынын Үндістан басып, орыс мұнайының басты тұтынушысына айналған. Ресей мұнайы бұл елдің сырттан сатып алған мұнай көлемінің үштен бірін ұстаған. Соғыстан бұрынғы кезбен салыстырғанда экспорт көлемі 16 есе ұлғайған.

Соңғы онжылдықтарда әлемдегі мұнай айырбасының АҚШ долларымен жүргізіліп келгені мәлім. Америка бастаған Батыс елдері Ресейге санкция салып, экономикалық құрсауды қыса түскен сайын, орыспен сауда жасаудың қатері еселеп артқан. Алдынғы кезекте Ресейдің негізгі кіріс көзі саналатын мұнайы тұрғаны анық. Өткен жылы желтоқсанның бесінде үлкен жетілік елдері Ресей мұнайына 60 доллар шекті баға белгілеп, одан асқан жағдайда операцияны жүзеге асырған компанияларға сақтандыру қаражатын төлеуден, есеп жасауды аяғына жеткізуден бас тартатынын мәлімдеген еді. Санкциядан қашқан «Газпром» мен «Руснефт» доллардан басқа шетел ақшаларымен есеп айырысудың жолына көшкен. Үндістан компаниялары да миллиард доллардан асатын сауданы рубльмен, Біріккен Араб әмірлігінің ақшасы дирхаммен жасасқан.

Өткен айда Ресей әскерінің Украинаға басып кіргенінің бір жылдығына орай Америка мен Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкция жариялады. Жаңа тізімде Мәукеумен Әбу Дәбиде бас кеңселері орналасқан Ресейдің MTS компаниясы бар. Аталмыш компания орыс мұнайын сатып алған үнді компанияларына доллардан басқа ақшамен есеп айырысуға мүмкіндік жасап келген екен. Енді қиындық туындайтын түрі бар.

Бірақ бір Үндістан өкілі: «Бастысы бізге үкімет Ресей мұнайын сатып алуға тыйым салып жатқан жоқ. Қалған жұмыс ресейліктердің мойынында. Олар бір жол кесілсе, екіншісін табады», - депті Reuters агенттігі тілшісіне.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610