Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3802 0 пікір 18 Тамыз, 2009 сағат 06:42

Петропавлда қымыз және шипалы балшықпен емдейтін жеке емдеу орталығының құрылысы басталды

Петропавл. 17 тамыз. ҚазТАГ – Петропавлда қымыз және шипалы балшықпен емдейтін жеке емдеу орталығының құрылысы басталды. Бұл Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) Мамлүт ауданының кәсіпкері Нағашыбай Барлыбаевтың инновациялық жобасының бір тармағы болып табылады.

«Арқалық» шаруа қожалығының басшысы қымыз ашытумен бірнеше жылдан бері айналысып жүр. Оның қымызының сапасын тек жерлестері ғана емес, Ресейдегі көрші облыс тұрғындары да бағалап үлгерді. Енді кәсіпкер асқазан аурулары, гастрит пен құрт ауруларын емдейтін база салып жатыр.

Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі уақытта Андреевка аулындағы шағын зауыт тәулігіне мың литр қымыз өндіреді.

«Шипалы балшықты Мыңкесер көлінен алса болады, - дейді Н. Барлыбаев. – Күкіртті сутегімен бай ол балшық өзінің физика-химиялық көрсеткіштерімен Тамбукан (Ставорполь аймағы), Медвежье (Қорған облысы) Горькое мен Қараши (Новосібір облысы) сынды ресей көлдерінің балшықтарынан кем соқпайды».

Алғашқыда балшықпен сауықтыру орталығын шағын қымыз зауыты бар Андреевка аулында ашу жоспарланған болатын. Бірақ «Эрнст пен Янг» компаниялары ұйымдастырған инновациялық жобалардың облыстық байқауында осы жобаның жеңіске жетуі кәсіпкерге қосымша қаражат беріп және мұндай емдеу орталығын облыс орталығында ашуға мүмкіндік берген. 

«Сауықтыру орталығын Петропавлда ашу пациенттердің көптеп келуі мен шипалы сусын және балшық емін алуға мүмкіндік жасайды», - деп есептейді Н. Барлыбаев.

0 пікір