Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 1501 0 пікір 6 Наурыз, 2023 сағат 18:36

«Amanat» партиясының кандидаттары «Қазпошта» қызметкерлерімен жүздесті

6 наурызда Астанада «AMANAT»-тың партиялық тізімі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Қазпошта» ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесуге Мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры Ерлан Дәкенов пен №5 қалалық емхана директоры Алтыншаш Табулдина қатысты.

«Бүгінгі таңда партия жұмысының бағдарланған мақсаты: ел мен қоғамды саяси, экономикалық, мәдени, технологиялық және рухани тұрғыда қайта құру. Біз сіздерді дұрыс таңдау жасауға және қалалық мәслихаттағы сайлауда «AMANAT» партиясын қолдауға шақырамыз! Бүгін қазпошта қызметкерлерімен кездесіп, бірқатар мәселені көтердік. Атап айтқанда, жұмысшылардың жалақысын арттыру керек. Баспана мәселесі де өте өзекті. Мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 6 мың пәтер салу жоспарда бар. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен 2027 жылы 3,3 мың атаулы әлеуметтік көмек алушыны қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партия жобалары жүзеге асады»,  – деді Ерлан Дәкенов.

Алтыншаш Табулдина партия отбасылық денсаулық орталықтарын, дәрігерлік амбулаторияларды ашу есебінен емханалардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ететінін айтты.

«Сарыарқа» ауданы Ш. Қосшығұлұлы көшесінде 250 төсектік акушерлік блок, дәрігерлер мен орта медицина жұмыскерлеріне арналған 2 жатақхана, 2025 жылы медицина жұмыскерлері үшін 100 орындық шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үй салу көзделіп отыр.

Жыл сайын 300 жас маманды қаланың медициналық ұйымдарына жұмысқа орналастыру, сондай-ақ еліміздің және шет елдердің жетекші ғылыми орталықтарында 13 медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру мақсат етілген», –  деді А.Табулдина.

Шарада кандидаттар сайлаушылардың әрбір мәселесін назарға алып, алдағы сайлауға қатысуға шақырды.

Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Abai.kz

0 пікір