Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3669 0 пікір 18 Тамыз, 2009 сағат 06:42

Павлодарда арақ-шарап зауытының 200-дей жұмысысы көп айдан бері жалақыларының берілмей отрығанын мәлім етті

Павлодар.17 тамыз. ҚазТАГ – Павлодардағы «Innova» арақ-шарап зауытының 200-дей жұмысысы бүгін облыстық әлеуметтік қоғау департаментіне көп айдан бері жалақыларының берілмей отрығанына шағым айтып келді. Жұмыс берушіге деген барлық талаптарын жұмысшылар аймақтың бас еңбек инспекторы Құсайын Исеновке жазбаша тапсырды.

«Ұжымдық арызында «Innova» арақ-шарап зауытының жұмысшыларына жалақы беруде бұзушылықтар былтырғы желтоқсан айынан басталғаны көрсетіліпті. Ең жақсы дегенде жұмысшылар жалақыларын кешіктіріп және бөлшектеп алып отырған. Сонымен қатар біз негізгі жалақыны беріп отыратын «екінші» касса дегеннің барлығын білдік. Біз бұл фактілерді зерттейміз», - деді Құсайын Исенов.

«Innova» арақ-шарап зауытында ескерілмеген тауар өндірісіне байланысты қаржы полициясы тексеріс бастап та кеткен. Естеріңізге салсақ, маусым айының аяғында мұнда алкогольдік ішімдік жасайтын заңсыз есепте жоқ желі жұмыс істеп тұрғаны, көптеген заңсыз тауарлар мен жалған есептеу-бақылау маркаларын жасайтын аппарат орнатылған жсырын бөлме анықталған болатын.

0 пікір