Сенбі, 20 Сәуір 2024
Әдебиет 2598 6 пікір 6 Наурыз, 2023 сағат 12:14

«Қытайлық жазушылар көп жазған сайын нашар жазады»

Басы: Неміс жазушысы: «Қытайдың қазіргі әдебиеті - қоқыс...»

Жалғасы: «Қытай жазушылары шетінен арақкеш, жалқау...»

11

Чжан Вэй

Мо Янның Шаньдундық жерлесі, оның «Ескі қайық» деген шығармасы керемет. Бұл шығармаға көп жылдар бойы тыйым салынған. Менің ойымша, бұл шығарма қазіргі әдебиеттегі ең ерекше шығарма. Қытай тілді ортадан басқалар әлі оқыған жоқ. Бірақ бұл өте жақсы жазылған, қазіргі әдебиеттегі сирек және өз атмосферасы бар шығарма. Әрине, бүгінде «Ескі қайықты» оқығандар әр түрлі кемшіліктерді айтады, оған қарамастан оқуға тұрарлық.

Чжан Вэй – мені мойындатқан жазушы. Оның жалпы саны 4,5 миллион сөзбен он сериядан құралған романы бар. Аты «Сен үстірттесің» оған Мау Дун әдебиет сыйлығын берген кезде оның соңғы жазған «Жалғыз фармацевт» атты шығармасы оқырманға толық жетпеді. Ол еңбегінде жазушы ұзақ өмір сүру мен шындық арасындағы қайшылық туралы Цзяодун түбегіндегі денсаулығын қатты күтетін отбасының тарихын жазды. Қазіргі әдебиетті оқу қызықты, әсіресе солтүстіктің жазушыларын оқу тіптен қызық.

12

Чен Чжунши

Шэньси жазушысы. Оның «Ақ бұғы жазығына» әдебиет сыншылары жақсы баға берген. Өйткені, «эпос» деп атауға болатын қытай шығармалары өте аз, «Ақ бұғы жазығы» да солардың бірі екені сөзсіз. Мысал ретінде қазіргі синглы туындыларды алсаңыз, «Ақ бұғы жазығы» үздік үштіктің қатарында екені сөзсіз. «Ақ бұғы жазығын» оқып соңғы бетіне келгенімде бөлмемнің электр қуаты өшіп қалды. «Бай Цзяцюань басын сәл шайқады, бұрылғанда көзіне жас толды». Қарапайым тіл, тебіренерлік оқиға.

Бүкіл «Ақ бұғы жазығында» мені қатты таң қалдырған сөйлем – Бай Цзясюаньның белі тым қатты, түп түзу. Осы қарапайым сөздерде автордың бас кейіпкеріне деген күрделі бағасы жатыр.

13

Ге Фэй

Ге Фэй – кәсіби білімі бар сирек жазушылардың бірі, ол Қытай әдебиеті саласы бойынша докторлық дәрежесін алған жазушы. Гефей – менің қатты сүйетін жазушым. Оның алғашқы шығармалары өте аванград болды. Маған Борхес, Кальвино, Набоков сияқты постмодернистік бағыттағы жазушылар ұнайды. Әрине, Гефейдің де осы қатарда.

Менің ойымша, Ге Фэй – қытайдағы авангардттық бағыттағы ең озып кеткен жазушы. Бірақ оның романдарын оқу үшін күш керек. Шығармадағы ирімдер, шеңберлер, лабиринттік бағыттар бар. Қытайдың дәстүрлі жазушылары романда «не айтам» ​​деген ойға бөгелсе, авангард жазушылар романда «қалай айтамыз» деп ойланады. Егер сіз өзіңіздің оқу қабілетіңізді сынағыңыз келсе, оның «Адасқан қайық», «Көк және сары», «Джинзе», «Кездесу», «Қоңыр құстар» романдарын оқыңыз.

Ге Фэй – ғалым жазушы. Оның «Борхестің жүзі» атты зерттеу очеркі бар, сонымен бірге «Жинь Пиң Мэй» туралы «Қар жасырынған аққұтан» атты зерттеу жұмысы жарыққа шықты. Оның бұл еңбегі «Жинь Пиң Мэйдің» түсіндірмесі болды. Гэ Фэй «Цзяңнан трилогиясы» арқылы Мао Дун әдебиет сыйлығын жеңіп алды, атап айтқанда «Адам жүзді шабдал гүлі», «Таулар мен өзендердің арманға айналуы», «Цзяннанның көктемі аяқталады». Бұл Ге Фэйдің он жылдан астам уақыттық еңбегі, оларды өте жақсы жазған. Соңғы «Ван Чуньфэн» туындысы алғашқы трилогияның  заңды жалғасы деп санауға болады. Маған бұл кісі өте ұнайды. Бұндай жазушының жазу стилі тамаша, оқыған сайын рахаттанасың. Оның тасада қалған «Көрінбейтін жадағай» атты шығармасын оқуға ​​ұсынамын, ол шын мәнінде ақ әңгімені шеберлікпен пайдаланған.

14

А Чең

«Тамыр іздеушілер тенденсиясының» ең негізгі өкілдерінің бірі.«Тамыр іздеу» не үшін керек дегенге келсек, ағаштың, ғимараттың тамыры тереңде болса ғана биіктейтініне жақында ғана көзім жетті. Буддизмде «жүрекке оралу» деген сөз бар, адам өзін жоғалтып, абдырап қалғанда бастапқы нүктеге оралу керек. Бір ұлтта осындай өз тамырын іздек керек. 1980-ші жылдардан кейін қытай тым қарқынды дамыды. Соның салдарынан адамдар өзіне деген сенімінен айырылып, абдырап қалды. Сондықтан «тамырымызды табу, ұлтымыз тамырын табу» одан да маңызды. Тамырымыз тереңде болғанда ғана ұлтымыз тұрақты әрі қауіп-қатерсіз дами алады. Бұл заманауи рефлексия деп аталады.

Әдебиет әлемінде өте көп жазбаған жазушы, Ачеңның «Үш патша», «Шахмат патшасы», «Ағаштар патшасы», «Балалар патшасы», әсіресе «Шахмат патшасы» романы керемет, онда күшті даосизм атмосферасы бар. А Чең қойған куң-фу драмасы, өте қызықты.

15

Хан Шаогуң

«Тамыр іздеушілер» тенденциясының негізгі өкілдерінің бірі, бірақ оның романдары сынның астында қалған. Оның ең атақты шығармасы «әке, әке, әке», ал «Мацяо сөздігі» деп аталатын тағы бір романы бар. Өте креативті (сөздік романдарының бастаушысы «Хазар сөздігі» және кейбіреулер оны плагиат деп айтып жүр, біраз шу болды. «Күн мен түн кітабы» атты жаңа туындысында білімді жастар тақырыбын көтерді. 2000 жылдан кейін қытайдың әдеби әлемінде Мо Янның роман жазу үлгісі және Ге Фэйдің талғампаздықпен жазу стилі сынды ретро үрдісі келді, бұл өте қызықты құбылыс деп айтуға болады.

Жалғасы бар...

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

 

6 пікір