Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 2052 2 пікір 1 Наурыз, 2023 сағат 12:29

Блинкен: «Қайырлы күн, Қазақ елі!»

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен С5+1 форматындағы Орталық Азия елдері министрлерінің кездесуіне қатысып, экономика, энергетика, экология және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

«АҚШ тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл реформаларын қолдайды. Осыған байланысты біз Қазақстан қабылдайтын шаралар мен атқаратын жұмыстарды бақылаймыз. Әсіресе, адам құқығын қорғау, жемқорлықты жою мен президенттік мерзімге қатысты жүргізіліп жатқан реформаларын атап өткім келеді», - деді Энтони Блинкен Астанада өткен C5+1 кездесуінен соң.

Ол Twitter желісінде «Қайырлы күн, Қазақ елі!» деп жазба қалдырды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға сапары сәтті өткенін жазып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сыртқы істер министрлігіне қонақжайлығы үшін алғыс айтты.

Энтони Блинкен 28 ақпанда Астанаға ресми сапармен келген болатын.

Abai.kz

2 пікір