Жұма, 19 Сәуір 2024
Көршінің көлеңкесі 2707 11 пікір 1 Наурыз, 2023 сағат 12:29

Путин және Сталин: Импершіл биліктің ақыры

Биыл ақпанда, 72 жасында өмірден озған саясаттанушы Глеб Павловский өзінің соңғы сұхбатында Ресей президенті Путиннің «тағына» және Ресейдегі биліктің «әскери операция» арқылы өтетін транзитіне қатысты пікірін айтып кетіпті.

Павловский 2000 жылы Владимир Путиннің сайлауалды науқанының авторы болды. Ол Путинді Ресей президенті етіп берді. 2011 жылға дейін Павловский Кремльмен жұмыс істеді. Ал Путин билікке қайта келемін дегенде, Павловский бұл шешімге қарсы шығып, Кремльмен байланысын үзді. Осыдан кейін Павловский оппозицияға өтіп, Путинді сынап жүрген. Өткен жылы ол Ресейдің басқыншылық соғысы туралы, оның Ресейдің болашағына әсері және Ресей президентінің бойындағы өзгерістер туралы көп пікір білдіріп жүрді.

«Ол Сталиннен де қатты оқшауланған. Өмірінің соңғы жылдарында Сталин Кремльге келмей, саяжайында тұрса да, оған Саяси Бюро мүшелері келіп, әңгіме-дүкен құрып, бірге ішімдік ішкен. Ал Путинде ол да жоқ. Ол мүмкіндігінше оқшауланған », - дейді.

Былтыр сәуірде ол Путиннің билігіне, әсіресе, оның жақын ортасынан ешқандай қауіп жоқ екенін айтқан.

«Олар идеалистер емес, олардың бұл таққа қатысты өз жоспарлары бар. Олардың барлығы өтпелі сәтті күтуде. Өзі отырған «тақта» айналасындағылардың қол сұғушылықтары Путинді шын мәнінде қатты алаңдатты. Әсіресе, бүгінде ол ғана емес, олар ел басқарып отырғанын ескеру керек», - дейді Павловский.

Осыған дейін Павловский Ресейдегі билік соғыс нәтижесінде өзгереді деп болжаған.

«Мен болашақта үлкен соғыспен аяқталмайтын бірде-бір сценарий көріп тұрған жоқпын. Маған үшінші дүниежүзілік соғыс туралы айтпаңыз - ешқашан үшінші дүниежүзілік соғыс болмайды. Оған міндетті түрде Батыс елдері қатысады. Осыдан кейін сіздің миллиардерлеріңіз, естелік қана болып қалады.

Біз соғыс бастаймыз және бұл соғыс Ресейдегі жаңа президент сайлауына дейін болады. Ресей билеуші ​​топтың көзқарасы бойынша әлемдік тәртіпке кіріктірілмеген. Оның әлемдік тәртіпте лайықты орны жоқ. Путин өзін Байденмен бірге «шешім қабылдаушылардың» тобына қосу керек деп санайды.

Путин не істей алады, ал Америка не істей алады деген қағаз болуы керек», - деді ол Украинадағы соғыс басталардан алты ай бұрын.

Соғыстан кейін Павловскийдің айтуынша, Ресейдің соңғы 30 жылдық тарихы аяқталады.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

11 пікір