Жұма, 29 Наурыз 2024
Әдебиет 3211 4 пікір 1 Наурыз, 2023 сағат 12:04

Сайлаудың сиқы

Бүгінгі сатира

Интернет басып қалсам,
Ватцапты ашып қалсам,
Мынадай хабар келді,
Тыңдаңыз, енді:
...Селкілдеков Байжанды,
Күлегешова Айжанды,
Мақтайсыңдар,
Мақала жазып, жақтайсыңдар,
Сонда ғана сайлауды,
Сеніммен ақтайсыңдар,
Ал, қарсыласын,
Шыжғырып, қақтайсыңдар,
Олай етпесеңдер,
Обшым, жақпайсыңдар!
Жағымпаз, ұры демейсіңдер,
Десеңдер бар ғой,
Манты, палау жемейсіңдер,
Қысқасы, екеуін де,
Ескеріп, елейсіңдер!
Мәжіліске қаратыңдар,
Мақтап, мақтап,
Он адамға таратыңдар,
Солай болса, егерде,
Төрт жүз мыңнан алатын бар,
Бастарыңа бақ қонады,
Ұрпағыңда тақ болады,
Ауыздарыңыз ақ болады,
Құдай сізге жақ болады,
Ертең  қоңырау шалса,
Демеңіз надан,
Он адам,
Байып кетуге шақ қалады!
Ватцапқа таратпасаңдар,
«Е, қойшы!» – деп,
Шынымен, жаратпасаңдар,
Қолдарың қотыр болады,
Күйеуің, не қатының,
Көрмейтін соқыр болады!
Саусақтарың кесіліп кетеді,
Өләә, көшеде,
Шалбарың шешіліп кетеді,
Ұлың есіріп кетеді,
Бетің тесіліп кетеді,
Желкең жара болады,
Денең алапес,
Ибиии, ала болады,
Достарың қашып кетеді,
Аялдамада тұрсаң,
Автобус басып кетеді,
Етің сасып кетеді,
Бір киллер шынымен,
Қақ шекеден атып кетеді.
Одан да, оң қадамға,
Ия, он адамға,
Ерінбей таратыңдар,
Байжанды, Айжанды,
Мәжіліске қаратыңдар!

Мұхтар Шерім

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563