Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Бұ не мазақ? 3006 8 пікір 21 Ақпан, 2023 сағат 13:55

Сеператизм Қазақстан полициясы үшін қылмыс емес!

«Оралды Ресейге берейік» деп жүрген оралдық тұрғынның іс-әрекетін Қазақстан полициясы қылмыс деп санамайды.

2022 жылы 29 қарашада «чат рулетка» әлеметтік желісінде қазақстандық үш ер адам өзін Ресей азаматы деп таныстырған адаммен тілдесіп, Ресейдің Қазақстанға шабуылын қолдайтынын айтқан. Олар «Орал қаласынан бастап Чапаева ауылына дейін Ресейге беру керек» деп мәлімдеме жасаған.

«Оралды Чапаевқа дейін алыңдар. Қолымызға қару беріңдер. Тек бізге «рұқсат» берсеңдер болды. Бәріміз кетеміз. Қазақстанды алып кетеміз. Біз бұрыннан дайынбыз. Тек күтіп отырмыз»,-деп айтқан оралдықтар ресейлік азаматқа.

Бұл видео еліміздің әлеуметтік желілерінде тарап, «Уральская неделя» журналистері полицияға арыз жазған болатын. 30 қарашада мәлімдеме жасаушылар анықталды. Олар: Василий Худабердыев деген ер адам, 18-20 жастағы бозбала мен кәмелетке толмаған бала болып шықты. Олар кешірім сұрап, видео үндеу жасады.

Кейін істің мән-жайын сұраған редакцияға жауап берген полиция «қылмыстық құрамның болмауына байланысты» істің тоқтатылғанын айтқан.

«2023 жылғы 14 ақпанда "УН" сұрауына жауап ретінде полиция қызметкерлері видеоға қатысушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу олардың іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлады. Полицияның түсіндіруінше, сараптама бұл мәлімдемелерде сепаратизм және ұлтаралық алауыздық туғазытаны белгілер таппаған», – деп хабарлады басылым.

Abai.kz

8 пікір