Сенбі, 20 Сәуір 2024
Ақмылтық 2483 12 пікір 21 Ақпан, 2023 сағат 12:52

Назарбаевша шалықтауға Каримовше анықтама

Басы: «Ұлылық ауруының» жаңа көрінісі...

Жалғасы: Қазақы сандырақтың бірі...

Жалғасы: Мұрат замандасқа хат...

Жалғасы: Жер-су атауларын жекешелендіруге болмайды!

Жалғасы: Рухани жаңғыру - қияли қаңғыру...

Жалғасы: Немістердің ұлтшылдыққа толы 10 өсиеті


Назарбаевтың жеке басқа табынуының зардабы жөнінде

Д.Қонаевтың көрегендігі:

Мұхтар Шахановтың «Қонаев ұлағаты» атты мақаласынан:  «Жағымпаздық Брежнев дәуірімен бітті деп ойламайтын шығарсыз, қазір елімізде Президенттік басқару жүйесі іске кірісті. Біздің кезімізде партия басшылығында бюро мүшелері және әр саланың өз хатшылары бар еді. Көбінде формалды түрде болса да ой-пікір айтылып тұратын. Қазір елді бір-ақ адам басқарады. Енді он-он бес жылдан кейін көрерсіздер... Менің осы сөзімді есіңізде ұстауға тырысыңыз. Сол кезде Брежнев дәуіріне жылап көрісулеріңіз ғажап емес...». «Қазақ» №2 (359). 11.01.2008 жыл.

***

Мұқаң ағасының осы бір көреген сөзінің дәл келгені туралы бірер сөйлем құрауға неге тартынды екен? Әлде Кремльдің дәлізінде Нұрсұлтан құрдасы ұрған шапалақтан әбден қорқып қалғандықтан бұғып қалып, оқырмандарды патшамен айқасуға үндегісі келді ме екен?

Мылтықты оқтаған соң көрініп тұрған нысананы кезеп басып қалу керек емес пе еді?! Шүріппені басқаны, бірақ не нақ баспады, не пештон дымданып қалған... (Ә.Д.) 23.01.2008.

***

Назарбаевша шалықтауға, Ислам Каримовше анықтама – баға...  

«Көршімізді  «Қазақстан Республикасы»  деп айта алмаймын. Себебі,  Қазақстанның жері, жер асты байлығының 75 % өзге – шетел азаматтарының қолына сатылып кеткен. Енді олар «қазақ» деген ұлтты құртып «қазақстандық» деген ұлтпен паспорт бермекші  Өздері осындай жағдайда тұрып, маған «Орта Азия одағын құруға қолдау көрсет» дейді.  Өз ұлтын жойып жатқан елге мен қалай сенуім керек. («Жас Алаш» 28.05.2008 жыл)

Бұл сөз, Каримов Астанаға ресми сапармен барып қайтқаннан кейін Ташкентте өз парламентінде сөйлеген сөзі ретінде жарияланған болатын.

Ал, сонда біздің көсемсымақ қазақстандық ұлт дегеніміз «...Мы  идем к самоидентификации – быть единым народом Казахстана, вот, например американцы состоял...

Ендеше (Из обращений Международный организаций  «Движение по освобождению Америки от многовековой оккупаций, к народам мира, средством массовой информаций. 2005 г. Сайт: wwwoko-planet. Spb.ru) сайтында американдық ұлт туралы былай анықтама берген:

...Америка – бұл мемлект те емес, ұлт та емес... Ең бастысы Америкада мемлекеттіліктің ірге тасы, яғни, ұлттық ядро, мемлекеттік халық жоқ.

...АҚШ массондық өркениеттің орталығы ретінде пайда болды. Зұлымдықтың, қатігездіктің, азғындықтың, айуандықтың неше атасы АҚШ-тың тарихында жүйелі түрде жан-жақты көрініс беріп отырды.

АҚШ мемлекет ретінде құл иеленушілік пен қатігез қанаушылықтың арқасында семірді. «Американдық ұлт» деген ұлт – қанның, өлген адамдардың сүйегінің үстіне өсіп шыққан ұлт, қырғынға ұшыраған, азапқа түскен 150 миллион үндістердің мал-мүлкі мен  жерінің есебінен пайда болған  ұлт.»

Мінеки, бұған не деуге болады? Осындай сандырақтармен ел билегісі келетін  «ұлы көсемдіктен» дәмегой көсеушінің  (кочегардың) иттігіне төзіп отырған  біздің халықты да кешіргің келмейді-ақ... Мемлекеттігі де, шекарасы да,  тарихы да болмаған Қазақстан  дегенге профессор Зардыхан Қинаятұлы мен  Жасаралдан басқа бір шешенсымақ, сылдыр көмейлер суырылып шыға алмады. Оның қай ісіне, қай сөзіне ішің жылығандай.

... Патша патша сияқты болмаған соң, уәзір де әузір сияқты бола алмасы, әке – әке сияқты болмаған соң, бала – бала сияқты бола алмасына  көзіміз әбден жетті ғой.

Құдайым-ау, бұл кочегардың тарихта, әдебиетте не жұмысы бар? «Тарих толқынына» құлаш ұратындай ол кім еді? «ГПТУ» дан басқа бір де бір жүйелі білім алмаған бұл пенде неге осынша асып, тасып кетті?  Соның бәрін көріп-біліп отырған мына біздің  қара жүзді зиялысымақтар халыққа қай бетімен көрінбекші?

Қазаннан қақпақ кетіп еді, иттен ұят кетпей қайтеді? Албасты қабаққа қарай баспай ма? Әйтсе де, бір күні тасыған төгіледі, асқанға тосқан бары  бұған дейін сан рет  дәлелденген болатын.

Бұл ойлар «Жас Алаш» газетінің  №49. 19.06.2008.  Арнаулы «Мәдениет»  айдарындағы жарияланымдарды  оқығаннан  кейін қағазға түсті демесем, ондай талдаулар менде қашаннан бері-ақ болып келді ғой. Әттең, Назарбаевтың 1991 жылдың аяғына дейінгі және одан кейінгі сөйлеген сөздерін тауып толық мәтінімен жарияланар күн туса, оның қандай саяси сәудегер, қандай орайшыл  оппортониц  екенін жұрт анық білер еді.

Әлімғазы Дәулетхан

Abai.kz

12 пікір