Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3266 0 пікір 29 Наурыз, 2013 сағат 09:05

“Каримовтiң ақыры” - ЫДЫРЫСОВ КIММЕН КЕЗДЕСТI: КАРИМОВПЕН БЕ, ӘЛДЕ ОНЫҢ “ЕГIЗIМЕН” БЕ?

Қазiр ғаламторда жаппай талқыланып жатқан үш мәселе болса, соның бiрi - Өзбекстан президентi Ислам Каримовтiң денсаулығы. Жетпiс бес жастағы кәрi басшы соңғы рет наурыздың 19-ы күнi шығыпты жұрт алдына. Наурызды дүркiретiп тойлаған ташкенттiктермен бiрге билеп жүргенiн жылт еткiздi жергiлiктi телеарналар. Содан кейiн бiрнеше күн бойы Каримов көрiнбедi. "Наурыздағы биден соң Өзбек басшысының жүрегi ұстап қалыпты" деген әңгiме шықты. Каримовтiң ерке қызы Гүлнара Каримова Твит­тердегi парақшасына былай деп жазыпты: "Наурызда 20 минут бойы билеген адамды ауырып қалды дейтiн адамның ақыл-есi дұрыс емес шығар...".

Қуғын көрiп, шетел асқан өзбек оппозициясының өкiлдерi отқа май құйғандай еттi. Өзбекстан халық қозғалысының жетекшiсi Мұхаммад Салих Каримовтiң науқас екенiне сенiмдi. "Ташкенттегi билiкке жақын бiрнеше ақпарат көзi растап отыр мұны. Оның жағдайы жақсаруы мүмкiн. Бiрақ жүрегi ұстап қалғанын ендi жасыра алмайды", - дейдi ол.

Ерiнбегеннiң бәрi Каримовтiң жайын сөз етiп жатқанда "Өзбекстан президентi Ислам Каримов Қазақстанның сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысовты қабылдады" деген ақпарат шықты. Азаттық радиосының Өзбекстандағы бюросы Каримов пен Ыдырысовтың ресми кездесуiнiң бейнетаспасын жариялады. Сөйлегенде әрiптесiнiң көзiне тура қарамайтын әдетiмен Каримов былай дедi: "Өзбекстан мен Қазақстан қашаннан сенiмдi әрiптес әрi одақтас. Мың құбылып жатқан алмағайып заманда күш бiрiктiруiмiз керек. Бiздiң досымыз Нұрсұлтан Әбiшұлымен алдағы уақытта болатын кездесуге бiз үлкен мән беремiз".

Байқағанымыз, Каримов көрiндi. Егер бұл Каримовтiң өзi болса, әрине. Өйткенi осы кездесуден соң-ақ ғаламторда "Ыдырысовпен кездескен Каримовтiң "егiзi" екен" деген қауесет тарады. Мұның жайын Өзбек президентiн көзiн жұмып тұрып тауып беретiн сарапшылар анықтамаса, қарапайым жұрт айыра алмас.

Қалай десек те, Каримов бiр оқпен екi қоян атты. Бiрiншiден, "Каримов хал үстiнде жатыр" дегендердiң аузына құм құйғандай болды. Екiншiден, осындай әңгiме гулеп тұрған тұста Қазақстан билiгiнiң өкiлiн қабылдады. Саясат үшiн бiрiн-бiрi дос дегенiмен, Назарбаев пен Каримовтiң бiтiспес қарсыластар екенiн АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшiсi айтқан...

"Каримовтiң көзi кетсе, кiм таққа отырады?" деген сұрақтың маңызы бұрынғыдан да арта түстi. Сарапшылар үш адамның атын атап жүр. Бiрiншiсi - премьер-министр Шавкат Мирзяев. Екiншiсi - қаржы министрi Рустам Азимов. Үшiншi үмiткер - президенттiң қызы Гүлнара Каримова.

Бұлардың арасында Мир­зяевтiң мүмкiндiгi мол деседi. "Ол Каримовтiң сенiмдi адамдарының бiрi, әрi қазiргi президент тақтан түскен соң оның қауiпсiздiгiне кепiл бола алады. "Көгалды қуып, гөлайттап" жүрген Гүлнара Каримоваға билiктi өткiзiп берсе, ие бола алмайтынын Каримовтiң өзi де бiледi. Сондықтан Мирзяевқа көбiрек сенедi" дейдi сарапшылар.

Орталық Азия үлкен өз­герiстiң алдында тұр. Жуық арада Каримов билiктен кетсе, Орталық Азияның өзге де кәрi басшыларына да мықтап ойлануға тура келедi.

Б.Көшербай.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3524